ӘЧ: Төрешілер "қиянат" жасаған қазақ боксшы көз жасына ерік берді
Қазақстандық Мадина Нұршаева қарсыласының жекпе-жегін бақылап тұрып көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
70 келі салмақта өнер көрсететін Мадина Нью-Делидегі турнирдің 1/4 финалында бразилиялық Барбара Дос Сантосқа есе жіберді.
Бір қызығы бұл жекпе-жекте Нұршаева екі раунд бойы басым болды, алайа үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер күтпеген жерден бөлек шешіммен жеңісті бразилиялыққа берген еді.
Мадина жартылай финалда Дос Сантостың аустралиялық Фрэнсис Скоттпен айқасын көруге келіп, көз жасын тоқтата алмады.
Ал бразилиялық боксшы жартылай финалда жеңіліп қалғанын айта кетейік.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу