Әлемде Айтжанов үздік бапкер, Елеусінов үздік боксшы атанды

Әлемде Айтжанов үздік бапкер, Елеусінов үздік боксшы атанды
Қазақ боксы қуанышқа кенелді. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов екінші жыл қатарынан әлемнің үздік жаттықтырушысы деген атқа ие болса, Данияр Елеусінов 2014 жылдағы әлемнің ең үздік боксшысына баланып отыр, - деп хабарлайды "Алаш айнасы". "Жылдың үздік бапкері АИБА-2014" атағы бапкерге XVII жазғы Азия ойындарындағы өте жоғары көрсеткіші үшін берілген", - деп хабарлайды ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі. Биыл қазақ боксшылары Азия ойындарында оза шауып, жеті боксшы финалға шыққан еді. Әрі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола еншілеген ұлттық құрамамыз Азияда үздік болып танылған-тын. 2013 жылы құраманың бас бапкері Мырзағали Құланұлына әлем чемпионатындағы табысы үшін осындай мәртебе бұйырған еді. Алматыда өткен жаһандық додада Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы жүлдеге ілініп, оның төртеуі алтын, екеуі күміс, тағы екеуі қола медаль болғаны жұрт жадында. Сондай-ақ, Азия чемпионатында қарсылас шыдатпаған жігіттер жеті алтын, бір күміс медаль еншілегенін ұмытқанымыз жоқ. Соңғы бес жылдан бері ұлттық құраманы жаттықтырып келе жатқан М.Айтжанов – қазақ боксындағы өте табысты бапкер. Және әлемнің үздік бапкері мәртебесін екі мәрте иеленген алғашқы маман. 44 жастағы оның мұндай деңгейге жетуіне төл шәкірттерінің ерен табысы да үлес қосқанын айтпасқа болмас. Мәселен, Еркебұлан Шыналиев Бейжіңде өткен Олимпиада ойындары мен әлем біріншілігінің қола медалін иеленді. 49 келіде өнер көрсететін Біржан Жақыпов әлем чемпионатының алтын, қола медальдарын иеленіп және Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды. Бас бапкердің төл шәкірті Қайрат Ералиев – 56 келіде әлем біріншілігі мен Азия ойындарының қола медаліне қол жеткізген боксшы. Ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов биыл тағы ерледі. 69 келіде әлем үздігі саналатын капитан биыл екінші рет АИБА шешімімен жылдың үздік боксшысы атанып, мерейімізді тасытты. Соңғы екі жыл ішінде Елеусіновке қарсылас шақ келмей тұрғанын бокссүйер қауым біледі. 2013-2014 жылдары жаһандық біріншіліктердің бәрін дерлік ұтып, АИБА-ның үздіктер рейтингісінде өз салмағында көш бастады. Мысалы, 2013 жылы Азия және әлем чемпионы атанып, сонымен қоса, жылдың үздік боксшысы атанған болатын. Биыл қарымды боксшы екенін кезекті рет дәлелдеген ол Азия ойындарында екінші рет чемпион атанды. Сөйтіп, қазақ бокс тарихында "Сарықұрлық" ойындарын екі мәрте ұтқан алғашқы былғары қолған шебері болып есімі алтын әріппен жазылды. Осылайша, Мырзағали Айтжанов әлемнің табысты бапкеріне баланса, Елеусінов үздік боксшы атанып отыр. Енді бұл мәртебелі атақ Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында 24 қараша күні салтанатты шарада табысталатын болады.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста