Әлімханұлы салмағындағы чемпион нокдауннан кейін тұрып қарсыласын нокаутқа түсірді
Жаңа Зеландия азаматтығын алған Ресей тумасы Андрей Михайлович (19-0, 11 KO) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа Зеландияның Окленд қаласындағы Eventfinda Stadium шаршы алаңында өткен бокс кешінде ол венесуэлалық Эдиссон Салтаринмен (16-0, 12 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын.
Бастапқыда Салтарин басым болды - бірінші раундта-ақ ол қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Андрей қайта тұра алды.
Бесінші раундта Михайлович есе қайтарып, венесуэлалықты есеңгіретеді. Осы кезде төреші жекпе-жекті бірден тоқтатып, техникалық нокаут болды деген шешім шығарды.
Осылайша, Михайлович карьерасында 20-шы жеңіске жетіп, орта салмақта IBF Pan Pacific жне WBO Global белебулерін қорғап қалды. Ал Салтарин карьерасында алғаш рет жеңілді.