Америкалық сарапшы Жәнібекке қазақ боксшымен жекпе-жек ұсынды
BoxingScene шолушысы Элиот Фостер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (13-0, 8 КО) титулын отандасы Мейірім Нұрсұлтановқа (18-0, 10 КО) қарсы жекпе-жекте қорғауды ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Мейірімде WBO International титулы бар екенін айта кетейік.
Мұның алдында WBO ұйымы Әлімханұлын британиялық Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жекпе-жекке міндеттеді.
"Смит пен Әлімханұлы жекпе-жегі өтпей қалатын сияқты. Смит Юбенкпен қарымта өткізетін шығар. Рейтингте келесі тұрған Мунгия қазақстандықпен жұдырықтасқысы келмейтінін бірден айтты. Тізімде келесі Мейірім Нұрсұлтанов. Осы жекпе-жек қызықтырақ болатын сияқты", - дейді Фостер.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу