АҚШ-та "Канелоның" жеңілісінің себебі айтылды
Жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Райан Гарсия (22-0, 18 КО) Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Бұған дейін Альварестің бапкері Эдди Рейносоның қол астында Гарсия да жаттыққан еді. Кейіннен Гарсия Рейносодан кетіп қалғанда, мексикалық оны боксқа немқұрайлы қарайды деп сынаған болатын.
Гарсияның ойынша, Биволға жеңіске жетуге дене тұрқы ғана көмектескен жоқ.
"Өзіңнен дене тұрқы ірі қарсыласпен жекпе-жекке шығу - мақтауға тұрарлық іс. Алайда Бивол тек ірі болғаны үшін ғана жеңіске жеткен жоқ. Оның техникасы да жақсы, айласы да асып түсті. Бивол шынында керемет жекпе-жек көрсетті. Қарымтада да ресейлік жеңіске жетеді деп ойлаймын" - дейді Гарсия.