Атышулы боксшы қарсыласын төрт рет сұлатты
Жеңіл салмақтағы ирландиялық проспект Майкл Конлан (17-1, 8 KO) колумбиялық Мигель Марриаганы (30-6, 26 KO) жеңді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек Ирландияның Белфаст қаласындағы Тhe SSE Arena шаршы алаңында өткен бкос кешінің басты оқиғасы болды.
Конлан жетінші раундта қарсыласын бір құлатты.
Келесі раундта Марриага тағы есеңгіреп қалды.
Тоғызыншы раундта колумбиялық тағы екі рет құлады. Осыған қарамастан Марриага жекпе-жек соңына дейін шыдады. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 99-88, 99-88 және 99-88 есебімен Конланға берді.
Еске салайық, Конлан 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы қылығымен әлемге танылып кетті. Ол жарыстың ширек финалында ирландиялық боксшы ресейлік Владимир Никитинге есе жіберді. Сол кезде төрешілер шешімімен келіспеген ирландиялық оларға саусағын шошайтқан еді. Содан кейін ол бірден әуесқойдан кетіп, кәсіпқой карьерасын бастады.