"Барлығы "Канелоға" байланысты". Сарапшы Головкиннің мексикалық 22 жастағы чемпионмен жекпе-жек өткізуі жайлы
Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен бірінші орта салмақта WBO белбeуінің иегері мексикалық 22 жастағы Хайме Мунгия жекпе-жегінің өту-өтпеуі Головкиннің Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өткізетін үшінші кездесуінің нәтижесінде байланысты. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей айтты.
Осыған дейін баспасөз конференциясы барысында Мунгия Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген болатын.
"Головкин 2019 жылы Мунгиямен жұдырықтаспайды Қазіргі уақытта әлем "Канеломен" өтетін жекпе-жекке қызығушылық танытып отыр. Негізі қызық жекпе-жек болар еді, алайда барлығы Головкиннің "Канеломен" үшінші кездесуін қалай өткізетініне байланысты. Оның Мунгиямын кездесуін көргім келеді. Бірақ дегенмен ол кездесу бір күні өтеді деп сенемін. Барлығы "Канеломен" кездесудің қорытындысына байланысты", - деді Джей.