Бибосынов Ташкенттегі жеңілістен кейін құрамадан кетуге қатысты ойын айтты
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов "СПОРТ МИНИСТРI" youtube арнасына берген сұхбатында Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін құрама сапынан кетуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Тағы еңбек сіңіргім келеді, қазақтың көк туын көкке көтергім келеді. Кейбіреулер айтады "жастарға жол бермейсің бе" деген сияқты. Жасым жиырма бесте ғана, 33 жаста, 35 жаста әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы боп жатқандар бар, Неге біздер ондай болмасқа? Боксқа тойған жоқпын әлі", - дейді Бибосынов.
Еске салайық, Бибосынов Өзбекстан астанасындағы әлем біріншілігінде 51 келідегі бірінші айқасында үндістандық Дипак Кумарға есе жіберді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу