Бірде-бір рет жеңілмеген боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді

Ресейлік боксшы Максим Дадашев пуэрторикалық Субриэль Матиаспен өткізген жекпе-жегінен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды fightnews.com.
Американың Оксон Хилл қаласында өткен кездесуде Матиас жеңіске жеткен болатын. 11-раундтан кейін 28 жастағы ресейлік спортшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Кездесуден кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскен. Есінен танған спортшы ауруханаға жеткізілді. Сайттың мәліметіне сәйкес, ресейлік боксшының миы ісіп кеткен.
ESPN тілшісі Стив Ким өзінің Twitter-дегі парақшасында Дадашевке екі сағаттық ота жасалғанын хабарлады. Жағдайы ауыр.
Бұл – Дадашевтің карьерасындағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ресейлік боксшы 13 кездесудің 11-ін нокаутпен аяқтаған.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу