Бивол "Канелоның" қарымта айқастан неге бас тартқанын ашып айтты
Жартылай ауыр дивизионда WBA чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қарымтаны бірден өткізуден неге бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен Альваресті психологиялық тұрғыда сындырып тастағандықтан, ол Головкинмен қарымтаны таңдап отыр деп ойламаймын. Меніңше, "Канелода" менен кейін Головкинмен жекпе-жек бойынша жалпы жақсы ұсынысы болды. Ол келісімшартты орындап, өз ақшасын алғысы келеді.
Дұрысы қалай болу керек екенін білмеймін. Әрине мен ары қарай дамығым келеді, титулдар үшін айқасуды қалаймын. Алайда әзірге бұл қаншалықты мүмкін екенін білмеймін. Бірақ "Канело" қаласа, қарымта айқасқа шығу керегімді анық білемін", - дейді Бвиол USACHEV TV YouTube арнасына берген сұхбатында.