"Біздің кінә емес". Альварестің бапкері Головкинмен айқас туралы бар шындықты айтты
Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) қарымта орнына Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет жұдырықтасуға мәжбүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Альварес өзін жақсы сезінеді, бірақ, жеңілген ешкімге ұнамайтыны түсінікті. Біздің міндет - жеңілісітен дұрыс сабақ алу. Осылай ғана өсе аласың.
Биволмен қарымта? Бұл жекпе-жекті бәрі көргісі келеді. Біз де. Ол келесі қарсылас болмайтыны біздің кінә емес. Бұл компания талабы (DAZN туралы айтса керек).
Әсер еткен фактор көп, бірақ, қайталап айтайын, біз реванш қалаймыз.
Ал Головкинмен айқас басқа мәселе, өйткені бұл жеке басқа қатысты. Біз 24 раунд өткіздік. Ендігі айқас та осындай мықты болады деген ойдамын.
Бұл да мен үшін жеке басқа қатысты болды, өйткені мексикалық Абель Санчеспен текетіресіміз бар еді. Алайда қазір ол Головкиннің командасында емес", - дейді Рейносо.