Боксшыларымыз Рио Олимпиадасына қанша лицензия алуды көздейді

Боксшыларымыз Рио Олимпиадасына қанша лицензия алуды көздейді

Кеше Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өткен. Сонда биыл Рио Олимпиадасына кемі алты жолдама алу мақсат тұтылып отырғандығы айтылды, деп жазады "Алаш айнасы" аталған федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылды қорытындылап, алдағы жылдың жоспар-мақсаттарын нақтылап алуға арналған жылдық конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев былғары қолғапты қыз-жігіттеріміздің 2014 жылғы жетістіктерін өте жоғары бағалаған.

Бұл ретте, федерация басшысы жігіттеріміздің Инчхонда өткен Азия ойындарында алты алтын алғандығын, әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ қызының тұңғыш рет алтынмен апталып, жеңімпаз атанғандығын, сондай-ақ Болгарияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында біздің құраманың жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болғандығын айрықша атап өткен.

Ал биылғы ең маңызды сындар шілденің басында Таиландта өтетін Азия чемпионаты мен қазан айының ортасында Катарда өтетін әлем чемпионаты екендігі меңзелген.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, лицензиялық әлем чемпионатында біздің боксшылар төрт Олимпиада жолдамасын жеңіп алуды мақсат тұтып отырған көрінеді. Сонымен қатар, кем дегенде бір лицензияны AIBA-ның APB жобасынан, ал AIBA-ның WSB жобасынан тағы бір жолдама алу көзделіп отыр екен.

Осы ретте айта кетейік, AIBA-ның APB жобасынан бір лицензияны алып та үлгердік. 60 келі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов Рио Олимпиадасының жолдамасы мен чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Енді жазға дейін осы жобадан кемі тағы бір жолдама аламыз деп үміттенеміз. Сонда биылғы еншілейтін жолдамаларымыздың саны алтаудан да асып түседі деп болжаймыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста