Елеусінов АҚШ-та америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол төрт раунд форматындағы кездесуде 26 жастағы америкалық Джован Джонмен күш сынасты (2-4-1, 0 КО). Стоун-Маунтин қаласындағы (Джорджия штаты, АҚШ) Legacy Garden Park and Event Center ойын-сауық кешенінде өткен жекпе-жекте Елеусінов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Бұл Дәуреннің кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі болды, ал Джон бесінші рет жеңілді. Еске салайық, Дәурен Елеусінов екі жылдық үзілістен соң 6 сәуірде рингке оралған болатын. Индианаполисте (Индиана, АҚШ) өткізген жекпе-жегінде де ол америкалық боксшы Леонель Хименесті (4-23-1, 4 КО) бірінші раундта сұлатып салды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу