Габриэль Росадо: Головкин Уордтан не үшін қашып жүргені түсінікті болды
Америкалық боксшы Габриэль Росадоның пікірінше, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде әлсіз жақтарын көрсетіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Бәрі мен күткендей болды. Келл – мықты боксшы, алайда оған орта салмақ қол емес. Кім білсін, бірінші орта салмақта бұдан жақсы жұдырықтасар ма еді. Ал GGG бұл жекпе-жекте әлсіз тұстарын көрсетіп алды», - деді Росадо Fighthype.com-ға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, егер Головкинмен жақын қашықтықты ұстасаң, басымдықты қолға алуға болады.
«Сондай-ақ оның қорғанысында кемшіліктер бар екенін байқадық. Егер ол едәуір ірі денелі және күшті қарсыласпен кездессе, тығырыққа тірелетіні сөзсіз. Біз ол Уордтан не үшін қашып жүргенін енді түсінгендей болдық. Уордпен кездессе, не болатынын елестетіп көріңізші», - деп атап өтті ол.