Головкин әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жұдырықтасады
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) өз дивизионының абсолют чемпионы бола алады.
Бұл үшін қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн GGG мен WBO титулына ие Деметриус Андраде (30-0, 18 КО)арасында жекпе-жек ұйымдастырмақ.
"Меніңше, Андрадемен айқаста Головкиннің артықшылығы бар. Мені кері түсініп қалмаңыздар, әлбетте, бұл өте ауыр жекпе-жек, бірақ, Головкинде жүз пайыз басымдық бар.
Егер Головкин Риота Муратамен желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарласа, қазір сәуір ғой. Мен Головкиннің Андрадемен жұдырықтасып, титул біріктіргенін, одан кейін Муратамен жекпе-жекке шығып, белбеулерді жиғанын көргім келеді. Одан кейін Джермалл Чарломен әлемнің абсолют чемионы атағы үшін айқасуға болады", - деп береді Хирннің сөзін DAZN.