Головкин мен Мартиросян қанша табыс табатыны белгілі болды

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) алдағы жекпе-жек үшін алатын кепілдендірілген соманы жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
"Сенбіге кепілдендірілген гонорар: Геннадий Головкин — 1 миллион доллар, Ванес Мартиросян — 225 мың доллар", — деп жазды Пагмайр твиттерде.
Бұдан бұрын осы басылым Головкин бұл жекпе-жектен тұтастай алғанда 2 миллион долларға жетер-жетпес қаржы табады деп жазған болатын. Ал USA Today қазақстандық боксшы 2-3 миллион доллар кіріс келтіреді деп болжады.
Головкин — Мартиросян жекпе-жегі 5 мамыр күні (Қазақстанда – 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат 09:00) Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу