Головкин мен Роллс көшеде көз арбасты
Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Олармен бірге бұл рәсімге тағы бір қазақстандық Али Ахмедов (14-0, 10 КО) және америкалық Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) қатысты, бұл боксшылардың екінші орта салмақтағы WBC International белбеуі үшін жекпе-жегі шоудың басты кездесулерінің бірі болады.
"Жекпе-жекке дейінгі кері санақ басталды", - делінген Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасында.
Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін шоудың басты оқиғасы болады. Астана уақытымен шоу 9 маусымда басталады. Ахмедовпен бірге андеркартта жартылай орта салмақта жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) та рингке шығады, оның қарсыласы Брайан Себальо (8-0, 4 КО).
Головкин үшін алдағы жекпе-жек DAZN стриминг қызметіндегі және Джонатан Бэнкстің жапттықтыруымен өтетін алғашқы кездесу.