Желіде орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Генадий Головкинге арналған кезекті видео пайда болды. Онда қазақстандық спортшының бокстасу тәсілі, ерекше соққылары туралы баяндайды деп хабарлайды Sports.kz cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Головкиннің жеке парақшасы
Видео Lion Lion Lioni Youtube арнасында жарияланды.
"Генадий Головкин - әлемдегі ең мықты және шабуылдаушы боксшылардың бірі. Оның жұдырықтасу стилі өте ерекше. Головкиннің шабуылдарын, қарсыластарын нокаундқа жібергенін бірге көрейік", - деп жазылған видео астында.
Еске сала кетсек, Генадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі өткен жылы қырқүйекте болды. Ол қарымта кездесуде мексикалық қарсыласы Саул Альварестен төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.