Головкиннің келесі қарсыласы: Кім ол, қандай боксшы?

Головкиннің келесі қарсыласы: Кім ол, қандай боксшы?

Кәсіпқой бокстан WBA және WBС тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ елінің сыралғы саңлағы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды. Бірақ ол бокс жанкүйерлері тағатсыз күткен әйгілі чемпиондардың бірі емес, көпшілікке беймәлім біреу болып шықты, деп жазады "Алаш айнасы".

Вилли Монро: кім ол?

Сонымен, 16 мамыр күні Инглвудтағы (Калифорния штаты) 17 мың көрерменге арналып, былтыр ғана өңделген "The Forum" аренасында Геннадий Головкин америкалық Вилли Монромен айқасатын болды. Американың 28 жастағы боксшысы ренжімесін, біз үшін ол – беймәлім, белгісіз жан.

Өйткені, ол Геннадийдің жанкүйерлерінің бәрі күткен кіші Хулио Сезар Чавес та емес, Мигель Котто да емес, Карл Фроч та емес, Андре Уорд та емес, Питер Куиллин де емес, бізге бейтаныс біреу... Ал жанкүйерлердің күткені әлгі аталғандардың бірі еді десек, еш қателеспеспіз.

Головкиннің келесі қарсыласының есімі жарияланғанда, "бұл кім, қандай боксшы, қаншалықты қарымды" деп, ойланбаған жанкүйер жоқ шығар.

Шынымды айтайын, мен де таң-тамаша болдым. "Бұл кім екен" деп, ғаламторды сүзіп шықтым. Кәсіпқой бокс ригінде 20 жекпе-жек өткізіпті. 19-ында жеңіске жеткен, соның алтауын нокаутпен аяқтаған. Бір рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Әрі өзі сияқты көпшілік жыға танымайтын Дарнелл Бун деген отандасынан ұтылған.

Жеңгендерінің ішінде бір боксшыға бөле-жара көңіл бөлуге болады екен. 2015 жылдың басында АҚШ-тың арынды боксшысы Брайан Вероны жеңіпті. Ал Веро болса, кіші Хулио Сезар Чавеске төтеп беріп, намысты қолдан бермеген.

Айтпақшы, Головкинмен айқасу мәртебесіне ие болған Монро да "Вилли Монро-кіші" болып аталады. Себебі 70-жылдары оның немере ағасы ма, нағашысы ма кәсіпқой бокста атағы шығып, әйгілі бір боксшыны жеңген. Алайда осы жеңісінен кейін үлкен Вилли Монро екі рет оңбай жеңіліп қалған...

Головкинге мұндай қарсылас не үшін қажет болды?

Кіші Вили Монроның кәсіпқой бокстағы өнері мен статистикалық мәліметтерін сүзіп шыққан соң, еріксіз "Головкинге мұндай қарсылас не үшін қажет болды екен" деген ойға шомасың.

Жалпы, бұл сұраққа Головкиннің промоутері Том Лёфлер жауап берді де. Ол не үшін басқа боксшылардың ішінен Монроны таңдап алғандарына тоқталып өтіп, оның солақай боксшы екендігін алға тартқан. "Головкин 2012 жылдан бері солақай боксшылармен айқасқан жоқ", - деп ашық айтты да.

Хош дейік. Головкинге солақай боксшымен де айқасып, алдағы қарымды қарсыластарына дайындала беру керек болған шығар. Әрі сәуір айында көптеген боксшылар өздерінің чемпиондық атақтарын қорғап қалу үшін көктемде кездесетін қарсыластарын әлде қашан жоспарлап қойған секілді.

Сондықтан Головкинге қарсылас табылмай, жаз немесе күз айларына дейін қол қусырып бос жүрмеу керек те болған сыңайлы. Сол себепті солақай боксшымен кездесіп, жеңістері мен нокауттарының санын арттыра беру керек болған шығар.

Әрі ақша тауып, кәсіпқой бокстағы беделін өсіре беру керек. Кәсіпқой боксқа ерекше қызығатын АҚШ-тағы танымалдығын артыра беру де қажет.

Бұл тұрғыда Головкиннің командасы бәрін де жақсы біледі. Бәрін де саралап, бағамдап отырған болар. Қазір Геннадий нағыз бабында. Бәлкім, уақытты бос өткізбеу керек шығар. Күш-жігері тасып тұрғанда, шаршы алаңға шығып, қарсыластарын сұлата беру керек. Оның бәрі – атақ-даңқ, оны бәрі – ақша...

Әлқисса, тоқ етерін айтқанда, Головкиннің келесі кездесуі жерлесіміз үшін шаршы алаңдағы жаттығу іспетті болайын деп тұрғандай.

Дәл қазір Вилли Монроның айдарынан жел есіп тұр

Ал Вилли Монро болса, қазір – бақыт құшағында. Өйткені қазір ол өзінің атын шығарып, елге танылуға болатын тамаша мүмкіндікке ие болып отыр. Енді ол аянбайды. Өйткені көпшілік назары – Монрода.

Ол енді Головкинді "қалай жеңетіндігін" сипаттап, "қалай жеңуге болатындығын" баяндап, ұпай жинауға тырысады. Қалай көпірсе де, таң қалмаймыз. Өйткені айы оңынан туып, ол осындай мәртебеге ие болып отыр.

Ол енді 16 мамырға дейін қалай лепірсе де, оның аузына ешкім қақпақ бола қоймас. Ал оның пәтуасыз бос сөздерінің нүктесін, бәлкім, леп белгісін (кезекті нокаутты меңзегенім ғой) 16 мамыр күні Генадий Головкин ғана қояды. Жекпе-жекті қанша раундқа созады, қай раундта құлатады, оны дер кезінде көре жатармыз...

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста