Головкиннің командасы сынның астында қалды: Бапкер қалай ақталды?

Головкиннің командасы сынның астында қалды: Бапкер қалай ақталды?

Геннадий Головкиннің 29 жастағы ағылшын боксшысы Келл Бруктің жекпе-жегі жайлы жаңалықтан кейін мамандар мен спорт өкілдері қазақстандық боксшының командасын өткір сынай бастады. Мәселен, белгілі промоутер Боб Арум бұл жекпе-жектің ешбір мәні жоқ екенін мәлімдеді, себебі, айтуынша, Бруктің жеңіске жетуге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Allboxing.ru жазып отыр.

"Головкин оны қалаған раундында нокаутқа түсіре алады. Брук үшін бұл жекпе-жектің мәні бар, себебі ол нокаутқа түскені үшін гонорар алады, Әмір Ханмен екеуінің қайсысы әдемірек құладық деп бәстеседі. Кейін сол Әмір Ханмен жұдырықтасады. Енді боксшылар үлкен гонорар үшін бәріне де дайын, Брук пен Головкиннің жекпе-жегінде ешбір мән-мағына жоқ, мұнда ақша ғана басты рольде", - деп мәлімдеді Top Rank компаниясының басшысы.

Ал орта салмақтағы кубалық чемпион (WBA және IBO) Эрисланди Лара бұл жекпе-жек жайлы естігенде абдырап қалғанын айтады. Оның айтуынша, енді GGG мен ағылшыннан үлгі алып, Роман "Чоколатито" Гонсалеспен жұдырықтасуым керек болды.

"Мен олардан үлгі алып, "Чоколатитомен" жекпе-жек өткізуім керек шығар. Ал енді әзілді қойсақ, салмақ дәрежесі тегін ойлап табылған дүние емес. Головкин мен "Канелоны" бұл қызықтырмайтын да сияқты. Ханның жағдайын бәрің көрдіңдер. Осылай кете берсе, біреу жарақат алып қалуы мүмкін", - деп келтіреді кубалықтың сөзін Vesti.kz.

Өз кезегінде ережесіз жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында болып жатқан оқиғаның "циркке" айналғанын айтты. "Мына циркті түсіндіріп беретін адам бар ма? Біреу 160 фунтта жұдырықтасады, ал біреу 147 фунтта. Головкиннен барлығы қорқып отыр деп қуа бермейік. Мейвезермен бірге өлген сияқты ғой!", - деп жазды ол.

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес бұл жекпе-жектің өткені дұрыс екеніне дәлелдер келтіріп өтті. "Рэй Леонард, Тито Тринидад және Оскар Де Ла Хойялар (жартылай орта салмақтағы боксшылар) орта салмақтағылармен жұдырықтасқанда қателік жасады ма? Кел Брук - жартылай орта салмақта әлем чемпионы, тіпті жартылай орта салмақтың үздігі шығар? Оеонард жартылай орта салмақтың үздігі - Марвин Хаглермен жұдырықтасты. Шейн Мозли Де Ла Хойямен шығу үшін жеңіл салмақтан жартылай орта салмаққа өтпеді ме? Ол кезде барлығы бұған қарсы болмады. Мұнда мүмкін орта салмақтағы ұлы боксшының қарсыластары үшін жандарыңыз ашып жатқан шығар? Бізде HBO телеарнасында бекітіліп қойған мерзім бар - 10 қыркүйек. Юбенк көп уақытымызды алып қойды. Жекпе-жек күніне 9 апта қалып отыр. Бұл күннен айырылсақ, келе жекпе-жегіміздің қашан болатыны бір құдайға аян. Брук болса бірден жалпы шарттарды қарап, екі күн өткенде толықтай келісім берді, сосын жария етілді", - деді мексикалық маман.

Айта кетейік, осыдан кейін Крис Юбенк Головкин - Брук жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. "Головкин, сен өзіңді P4P-боксшымын деп атайсың ба? Өзіңнен айтарлықтай жеңіл жігітпен жұдырықтасып жатсың, осыдан кейін сені P4P-боксшы деп атауға бола ма? Ұлыбританияда және басқа елдерде сені енді ешкім құрметтемейді. Головкин, Брукті мазақтауыңды қашан қоясың? Нағыз орта салмақта менімен қашан жұдырықтасасың? Мен әрқашан дайынмын. Айтпақшы, өзіңмен өлшемдес біреуді таңдасаңшы", - деп мәлімдеді Юбенк.

Еске салайық, 8 шілдеде Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болған еді. Ол - Келл Брук. 30 жастағы Брук жеңіліп көрмеген - 36 жекпе-жек, 36 жеңіс (25-і нокаутпен). Ол бірінші орта салмақта жұдырықтасады (66,7 келі) және IBF чемпиондық белбеуінің иегері.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста