Головкиннің командасын қорқақтығы үшін жауапкершілікке тарту ұсынылды
Fighthype.com журналисі Пол Магно қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді өз жазбаларында қайта сынға алды, деп хабарлады Sports.kz.
"Головкин енді Чарло, Сондерс, Деревянченко және Андраде секілді өз салмағының мықтыларымен жұдырықтасуы тиіс. Егер бұл жекпе-жектер өтпей қалса, оның командасын жауапкершілікке тарту керек. Кезінде Головкинмен жекпе-жек үшін үлкен тәуекелге баруға асықпаған Мартинес пен Котто "қорқақ" атанған еді. Енді жақсы мүмкіндіктер бола тұра, бұл тәуекелді жекпе-жектерді қабылдамай жатқан Головкинді де дәл солай тығырыққа тіреу керек. Айтайын дегенім, ол Чарло секілді біреумен жұдырықтасуы тиіс, солай емес пе? Егер ол жанкүйерлерге „Big Drama Show“ сыйлағысы келсе, жас арыстан Чарломен жекпе-жек өткізіп, қаншалықты мықты екенін тексеріп көрсін. Мен Головкинді жек көрмеймін, алайда барлық адамның бір қалыптан шықпағанын талап етемін", — деп жазды автор.