"Канелоның" промоутері әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады
Алты салмақта әлем чемпионы болған, қазір Golden Boy промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя P4P рейтингінің ең мықты үштігін атады. Промоутердің сөзін Tofight.ru беріп отыр.
"Канелоны" бірінші орынға қоюым міндет. Сауль - ең мықты қарсыластарды қалайтын жалғыз боксшы. Басқа боксшылардың бірінші кезекте сұрайтыны: "Мен қанша табыс көремін?". "Канелода" ондай сұрақ жоқ, ол жай ғана мықтыларды сабағысы келеді.
Одан кейін Кроуфорд пен Ломаченко. Теренс мегажұлдыз бола алады. Ломаченко - сұмдық боксшы. Ол тағы бір категорияны бағындыра алады деген ойдамын", - дейді Де Ла Хойя Ibtimes.com порталына берген сұхбатында.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу