Конело Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке қашан түсетіні туралы айтты

Конело Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке қашан түсетіні туралы айтты

Мексикадылық боксшы Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) алдағы мақсатты туралы айтып берді. Ол алдағы уақытта екінші орта салмаққа көтеріліп, алдағы 12 айда бес кездесу өткізіп, барлық белбеуді жеңіп алуға ниетті екен, деп жазады Vesti.kz.

«Канелоның» алдағы жоспарына орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу ойда жоқ екен. «Қазір менің мақсатым басқан. Онымен (Головкинмен) кездесу ойда жоқ. Биыл онымен жұдырықтаспайтыным анық», &ndash деді мексикалық боксшы ESPN арнасына берген сұқбатында. 

Екінші орта салмақта WBC және WBA Super белбеулерінің иегері ақпан айында өзінің міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йилдырымға (21-2, 12 КО) қарсы кездесу өткізеді. Сосын ол мамыр айында осы салмақта WBO иегері британдық Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар мексикалық боксшының жоспарында IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізу де бар.
 
«Менің басты мақсатым &ndash екінші орта салмақта барлық белбеуді жеңіп алу. Келесі қарсыластарымның барлығы чемпион. Мен соларды жеңуге ниеттімін», &ndash деді «Канело.

Сауль Альварестің айтуынша, ол 2021 жылы төрт кездесу өткізеді екен. Тіпті кездесулердің қашан өтетіні де белгілі. Ол ақпан, мамыр, қыркүйек және желтоқсан айларында шаршы алаңға шығады.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Vesti.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста