Олимпиада боксының салмақ категориялары өзгеретін болды

Олимпиада боксының салмақ категориялары өзгеретін болды

Мәскеуде өткен AIBA Конгресінде олимпиадада әйелдер салмақ санатының санын үштен беске дейін арттыру және ерлер санатын оннан сегізге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Техникалық комиссияның басшысы Пэт Фиако хабарлағандай, Токиода ерлер 52, 57, 63, 69, 75, 81, 91 және 91 килограмнан артық салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.

Ал әйелдер 51, 57, 60, 69 және 75 келі салмақта өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ, конгресте төрешілердің шешіміне наразылық білдіру құқығын қайтару туралы шешім қабылдады. Фиаконың сөзінше, жарыс барысында әр құрамада екі наразылық беру құқығы болады.

Наразылық жазбаша түрде кездесу қорытындысы шыққаннан кейін 15 минут ішінде қабылданады. Ал оны арнайы қазылар алқасы қарап, түпкілікті шешім қабылдайтын болды. Бұл ретте наразылық білдіргені үшін команда 1000 доллар төлеуі тиіс екен. Ал наразылық әділ деп танылған жағдайда бұл соманың жартысы кері қайтарылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста