Олимпиадада дауға іліккен боксшы титулды айқаста нокаутқа түсті
Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өткен бокс кешінде жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы мексикалық Луис Альберто Лопес (28-2, 16 КО) жергілікті жұлдыз Майкл Конланды (18-2, 9 КО) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда бесінші раундта Конлан құлаған сәтте, оның командасы бірден ақ орамал лақтырды.
Еске салайық, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Майкл Конлан ширек финалда ресейлік Владимир Никитиннен төрешілер шешімімен жеңілген еді. Мұнымен келіспеген ирландиялық рингте тұрып, қазыларға саусағын шошайтып, кәсіпқойға кететінін мәлімдеген болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу