Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын бірінші раундта жеңді
Қазақстандық боксшы Нұрбол Сұлтанбай (4-1-0) MTK Kazakhstan Алматыда ұйымдастырған бокс кешінде өзбекстандық Умурбек Бекназаровты (0-2-0) бірінші раундта жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұрбол қарсыласын бірінші раундта-ақ есеңгіретті, алайда, Бекназаров раунд соңына дейін шыдап берді. Дегенмен осыдан кейін ол ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.
Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасында қатарынан бесінші жеңісіне жетіп отыр. Ал өзбекстандық боксшы үшінші рет жеңілді.
Мұның алдындағы жекпе-жекте Ерсін Нұркенұлы мен Сағадат Рахманқұл (7-2-0) арасындағы айқас та осыған ұқсас аяқталды. Кәсіпқойда дебютін өткізген Ерсін бірінші раундта нокдаунға түсті де, екінші раунтан кейін рингке қайта шықпады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу