QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз – Жәнібек Әлімханұлы

Кәсіпқой бокста 10-шы жеңісіне қол жеткізген спортшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында жазба қалдырды.
"Жеңістеріңіз құтты болсын, Қазақ елі! Аллаға шүкір! Мансабымыздың жаңа белесіне шықтық. Біз мықтымыз. Біздің стиль мықты. Бұйыртса, QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет", - деп жазды ол.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Ол алтыншы раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Кейін Р.Брант тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты.
Қазақстандық боксшының өнеріне тамсанған Sky Sports Boxing танымал британдық телефраншизаның твиттер-аккаунтында оның жеңісі туралы да жазба жарияланған еді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу