Қазақстандық боксшы қыздар Венгриядағы турнирде екі алтын жеңіп алды
Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Кaz.nur.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Финалда үш қазақстандық боксшы өнер көрсетті. Олар: Римма Волосенко (60 келі), Лаура Есенкелді (63 келі) және Валерия Аксенова (+81 келі).
Римма Волосенко Словакия боксшысы Мирослава Единаковамен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда отандық спортшының қарсыласы шаршы алаңға көтерілген жоқ. Осылайша, ол айқассыз турнидің чемпионы атанды.
Лаура Есенкелді Англия өкілі Ханна Робинсонмен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ал Валерия Аксенова финалда польшалық қарсыласы Агата Качмарскаяға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.