Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлемдік доданың жартылай финалында қазақстандық 5 спортшы бақ сынайды. Ақтық сынға кімдердің өтетінін бүгін, 18 мамыр күнгі жекпе-жектерде анықтаймыз.

 

Жартылай финалдағы күндізгі сессия елорда уақытымен 16:55-де басталады. Боксшыларымыздың барлығы А рингінде шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келі) екінші жұпта болгариялық Севда Асеновамен қолғап түйістірсе, Жайна Шекербекова (52 келі) үшінші жұпта таиландтық Джутамас Джитпонгпен тартысқа түседі.

Ал 57 келіде бесінші жұпта Карина Ибрагимова тайбейлік Лин Ю Тинмен кездессе, 70 келіде оныншы жұпта Валентина Хальзова мозамбиктік Алсинда Хелена Пангуанмен финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.

 

Кешкі сессия 20:55-де басталады. Аталған сессияда 54 келіде төртінші жұпта Дина Жоламан румыниялық Лакрамиора Перишочпен кездеседі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста