Страндж кубогы: Қазақстандық 8 боксшы финалға шықты
Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінде ерлер арасындағы финалға шыққан боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнирде Қазақстан құрамасынан төрт боксшы финалға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған турнирде әйелдер арасынан да финалға төрт боксшы шыққанын жазған болатынбыз.
Осылайша Болгария төрінде жалпы 8 қазақстандық боксшы алтын медаль үшін рингке шығады.
Атап айтсақ, Қазақстан сапынан:
Дамир Әбдіқадір (51 келі),
Махмұд Сабырхан (54 келі),
Дулат Бекбауов (67 келі)
Сағындық Тоғамбай (86 келі) - финалда жұдырықтасуға мүмкіндік алса, бес боксшымыз жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, турнирді қола медальмен аяқтады.
Страндж кубогы:
Қазақстандық спортшылардың финалдағы қарсыластары:
51 келі
Дамир Әбдіқадир (Қазақстан) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
54 келі
Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Ясен Радев (Болгария)
67 келі
Дулат Бекбауов (Қазақстан) - Николай Тертерян (Дания)
86 келі
Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) - Сергей Горшков (Украина).
Айта кетейік, финалға Өзбекстаннан 6 боксшы, Болгария елінен бес боксшы шықса, Қазақстан құрамасынан ақтық сынға төрт боксшы шықты.