Токио Олимпиадасына Қазақстаннан қандай боксшылар қатысатыны анықталды
Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан атынан бокс бөлімі бойынша тоғыз қазақстандық ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, олимпиадаға баратын боксшылар тізімі:
Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)
Серік Теміржанов (57 келіге дейін)
Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін)
Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)
Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)
Бекзад Нұрдаулетов (81 келіге дейін)
Василий Левит (91 келіге дейін)
Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)
Надежда Рябец (75 келіге дейін
Токио – 2020 ойындарында бокстан сайыс 24 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді.
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль ойнатылады.
Токио – 2020 бағдарламасына спорттың бес жаңа түрі енді: бейсбол, каратэ, серфинг, құзға шығу және скейтбординг.
Stan.kz