Василий ЛЕВИТ: Мақсатым – Олимпиада жолдамасын иелену (фото)

Василий ЛЕВИТ: Мақсатым – Олимпиада жолдамасын иелену (фото)

Өткен аптаның соңында Бүкіләлемдік бокс жобасында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» Шымкентте Польша боксшыларын тізе бүктірген болатын. Бұл жекпе-жекте біздің команданың барлық бес боксшысы да қарсыластарынан айласын асырып кетті. Оның ішінде ауыр салмақта өнер көрсететін Василий Левит те қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіс тойын тойлады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

91 келі салмақта өнер көрсететін Василий үшін бұл WSB жобасындағы бесінші жеңісі. Бұл жеңістен кейін 27 жастағы былғары қолғап шеберіміз Бүкіләлемдік бокс жобасының ауыр салмақтағы боксшылар арасындағы рейтингтің көшін бастады. Осы орайда «Алаш айнасы» интернет-порталының тілшісі Левитке хабарласып, сұхбаттасқан болатын.
—  Василий, бесінші жеңісіңіз құтты болсын!  Павел Якубовскийге қарсы жекпе-жек қалай өтті?
—  Рақмет. Жекпе-жекті қатты қиын немесе өте оңай өтті деп айта алмаймын. Павел бұған дейін бұл маусымда мүлде жеңілмеген боксшы еді. Бірақ, кездесудің алдында біз бапкерлермен оның жұдырықтасу мәнерін мұқият зерттедік. Мықты тұстарын анықтап, әлсіз жерлерін түртіп алдық. Оның бойы маған қарағанда шамалы аласа. Қолыда қатты ұзын емес. Сондықтан да бұл кездесуде мен ара қашықтықты сақтап, сәті түскенде сәтті шабул жасауға тырыстым. Өздеріңіз көрдіңіздер, жекпе-жекте ұстанған тактикам жемісін берді. Жеңіске жеттім. Қиқулап отырып қолдағаны үшін жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді.
—  Бұл жеңістен кейін WSB жобасының 91 келіге дейінгі боксшылар рейтингінің көшін бастайсыз. Ол туралы хабарыңыз бар шығар?
—  Әрине, бар. Өйткені, бұл жобада рейтингте бірінші тұрған боксшыларға Олимпиада ойындарына жолдама беріледі ғой. Сондықтанда Павелді жеңгеніме екі есе қуанып отырмын. Біріншіден, бұл маусымда бесінші рет қатарынан жеңіске жетсем, екіншіден, рейтингтің көш басына шықтым. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі алда талай жекпе-жек бар. Соның барлығын жеңу керекпін.
—  Тіл көзіміз тасқа. Бірақ, бүгінде сіз қарсыластарыңыздың көбісін нокаутпен жеңіп жүрсіз. Бұл қарсыластарыңыздың әлсіздігі ме, әлде сіздің мықтылығыңыз ба?
—  Сырт көзге қарағанда мен қарсыластарымның барлығын оп-оңай жеңіп жүрген секілдімін. Бірақ, бұл тек сырт көзге. Ал, шын мәнінде бұл жеңістердің барлығы да төгілген тердің өтеуі. Ешқандай қарсыласымды әлсіз деп айта алмаймын. Олар да мықты боксшылар. Бірақ, кейде менің тактикам мықты болады, кейді физикалық дайындығым күшті болады. Сондықтан да жеңіске жетіп жүрмін.
—  91 келіде Қазақстанның намысын қорғайтын Антон Пинчук те АРВ жобасында тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. Егер Антон АРВ-ден, сіз WSB-ден Олимпиаданың жолдамасын алсаңыз, Риоға кім барады?
—  Соңғы Олимпиадаларда 91 келіде Қазақстаннан боксшы қатысып жүрмегенін көресіздер. Сондықтан да Антонның да, менің де басты мақсатымыз – Олимпиадаға жолдама алу. Ал, Риоға кім баратынын менен емес, ұлттық құраманың бас бапкерлерінен сұрағандарыңыз дұрыс болар. Біздің басты міндетіміз – жолдама алу.
—  Сізге WSB жобасы не берді? Бұл жобада боксшылар үшін қандай жаңашылдық бар?
—  Бұл жобаның маған боксшы ретінде өсуіме берген көмегі көп. Мұнда жаттығулар да мүлде басқаша. Жағымды жақтары көп.
—  Маусым басында Алмат Селимов допингпен ұсталып, командадан кеткен соң «арландар» сапында 91 келіде сіз ғана қалдыңыз. Демек, енді маусым соңына дейін бұл салмақта сіз ғана жұдырықтасады деген сөз. Екі аптада бір жекпе-жек өткізу сіз үшін қиын емес пе?
—  Қатты қиын емес. Бапкерлер мен жанкүйерлер маған үлкен сенім артып отыр. Сенім үдесінен шығамын деген ойдамын. Мен өткен жылы ота жасатқанымды білетін шығарсыздар. Егер, денсаулығым сыр бермесе, бұл маусымда жақсы өтізуге тырысамын.
—  Айтпақшы, өткен туған күніңізбен. Туған күніңізді қалай тойладыңыз?
—  Рақмет. Туған күнімді шашылып тойладым дей алмаймын. Себебі, ол кезде бізде жаттығу болды. Командадағы жігіттермен бірге базада тойладым.
—  Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста