WBA Головкинді 29 жеңісі бар белгілі кубалықпен айқасқа міндеттеді

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкинді титулын кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы айқаста қорғауға міндеттеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қауымдастық сайтында хабарланған.
WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт беріп отыр. Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін ымыраға келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді.
Мұның алдында Головкин IBF белбеуін бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекте қорғауға міндеттелген еді, алайда қазақстандық боксшы белбеуден бас тартты. Осыған байланысты WBA Ларамен айқас белгілеп отыр.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу