Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқаста жеңілуі мүмкін - Сарапшы
Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жек оңайға түспейді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында BoxingScene.com шолушысы Элиот Фостер осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
WBO "уақытша" чемпионы үшін өтетін бұл айқас 21 мамыр Лас-Вегасқа жоспарланған. Сарапшы британиялықтың мықты жақтарын атады.
"Әлімханұлын Дигнуммен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Дэнни - ымырасыз және еңбекқор боксшы. Ол өзінің өзгеше дағдыларымен көзге түсеті. Бұл айқаста жеңіске мүмкіндіктер теңдей деп ойлаймын. Екі қарсылас та жас әрі амбициялары бар. Қазақстандық боксшы атақты қарсыластарды жеңгенімен, олар бабынан қайтқандар еді. Бұл кездесуде бәрі екеуіне ғана байланысты. Енді бізді өте ақылды және әдемі бокс күтіп тұр деп ойлаймын, ал жеңімпаз ұйымның лайықты чемпионы болады", - дейді Фостер.