Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік ондыққа кірді

Бүкіләлемдік бок кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңартылған рейтинг бойынша Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) үздік он боксшының қатарына кіріп отыр. Бұл рейтингте бұрын 13-ші орында болған Жәнібек көрсеткішін едәуір жақсартып, оныншы орынға табан тіреді.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. «Қазақ бокс стилі» көктемде рингке қайта оралмақ.
Ал бірнеше күн бұрын боксшы 2020 жылғы жекпе-жектері жайлы мәлімдеме жасаған еді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу