Жеңілмеген қазақ боксшы WBC рейтингінде бірінші тұрған Головкиннің өкшесін басты

Жеңілмеген қазақ боксшы WBC рейтингінде бірінші тұрған Головкиннің өкшесін басты

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бірі тізімде жоғарыласа, енді біреулері тіпті шығып қалған.

Орта салмақта Геннадий Головкин бірінші орнын сақтап қалды. Ал одан кейінгі орынға отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов көтерілді. Ол бұған дейін төртінші орында тұрған еді. Үшінші сатыны мексикалық Хайме Мунгия түйіндеп тұр.

Мейірім Нұрсұлтанов 15 сәуір күні Инчхонда өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапон боксшысы Кадзуто Такесаконы нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған болатын.

Аса ауыр салмақтағы боксшымыз Жан Кособуцкий 8-орнында қалды. Ал оның келесі қарсыласы Джаред Андерсон 11-орыннан 9-ға көтерілді. Иван Дычко болса, бір саты төмендеп, 30-орынға жайғасқан.

Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та 29-дан 30-орынға төмен сырғыған.

Екінші орта салмақта WBC Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 3-орнында қалған. Оның алдында француз Кристиан Мбилли мен канадалық Эрик Базинян тұр.

Бірінші жартылай орта салмақта  WBC Silver белбеуіне ие  Сергей Липинец 5-орнын сақтап қалған.

kaz.vesti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста