Жеңілмеген қазақ нокаутшы "Акула" лақап атты тәжірибелі боксшымен жұдырықтасады
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) 26 қыркүйек Монреальда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec ақпаратынша, 25 жастағы қазақстандықтықтың қарсыласы 28 жастағы "Акула" лақап атты мексикалық Бруно Сандовал (20-3-1, 16 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Сандовал соңғы рет 2018 жылы қазанда жұдырықтасып, WBC Silver белебуі үшін жекпе-жекте украиналық Рамиль Гаджиевтен (9-1-1, 5 КО) жеңілген. 2016 жылы мексикалық кейін орта салмақта WBA чемпионы атанған жапониялық Риото Муратамен (15-2, 12 КО) жұдырықтасып, үшінші раундта нокаутқа түскен. Жалпы Сандовал 24 жекпе-жектің жиырмасында жеңіске жеткен, оның он алтысы нокаутпен. Боксшының пассивінде үш жеңіліс пен бір тең түскен жекпе-жек бар.
Бұл бокс кешінде қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) та рингке шығады, ол 32 жастағы мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады.
Еске салайық, Сабыров 30 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде мажарлық Ласло Тотаны (27-5-1, 19 КО) нокаутқа түсірген.