Пластмассаның пайдасы шамалы

Пластмассаның пайдасы шамалы

Бүгінде пластмасса ыдыстарды тұрмыста көп қолданамыз. Естуімше, ондай ыдыстар адам денсаулығына зиян дейді. Сол рас па?
Нұргүл РАХИМОВА,
Ақтөбе қаласы

Пластмассадан жасалған ыдыстарды сатып аларда олардың қандай мақсатқа арналғанын біліп алған жөн. Мәселен, ұннан жасалатын тағамдар мен тәттілерді салатын ыдыстарды ойланбастан сатып алуыңызға болады. Өйткені олар арнайы санитарлық сынақтан өткізіледі. Дегенмен  кейбір пластмасса ыдысқа ыстық тағам құйсаңыз балқып, ал суық құйғанда шытынап кетеді. Бұл жағдайда олардың құрамынан зиянды химиялық заттар бөлінуі мүмкін. Егер полиэтилен ыдыстың түбінде «10-60°» деп жазылса, онда оған жоғары температурадағы сұйықтық құюға болмайды. Сондай-ақ техникалық мақсаттарға арналған пластмасса ыдыстарда азық-түлік сақтауға, құюға немесе салып қоюға тіпті болмайды. Ауылдық жерлерде ондай ыдыстарды кейде шелектің орнына пайдаланады. Бұл астың дәмін бұзып, адам денсаулығына кәдімгідей зиянын тигізеді.
Әдетте қамыр илеген немесе сүт пісірген ыдысты жуу қиынға түседі.Оларды тез әрі жақсылап тазалау үшін түрлі әдіс қолдануға болады. Яғни, мұндай ыдыстарды алдымен суық, кейін ыстық суға жуады. Сондай-ақ сүт пісірген ыдысқа дереу суық су құйып қойған жөн. Сонда оның ішіне қаспақ қатпай, жақсы жуылады. Әйтсе де пластмасса ыдыстарды күнделікті тұрмыста жиі пайдаланбаған жөн.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста