1 миллион теңгеге де фильм түсіруге болады

1 миллион теңгеге де фильм түсіруге болады

Шымкентте жаңа туындының тұсауы кесілді. «Өтелмес борыш» атты көркем картина мейрімді жан—аналарға арналған. Фильмнің өзегі «анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» дегенге саяды.  Шымкенттік режиссер осылайша ана алдындағы борыштың өтелмейтінін тағы да дәлелдемек болған. Серік Талас қоғам шындығы көрініс тапқан қысқа метраждыфильм түсіріп, көпшілік назарына ұсынды. Кинотуындының басты кейіпкерлері — анасы мен баласы және айрандай ұйыған отбасының арасына жік салып жүретін өзімшіл келіні. Небәрі 20 минуттық еңбекті тамашалаған көрермендер өмірден алынған қоғам шындығымен сзініп, еріксіз көздеріне жас алды.
Режиссердің қойылымы бойынша, анасы алып қаладағыжүмекен банктердің бірінде басшылық қызмет атқаратын ұлының 40 жасқа толған мерейтойына ауылдан ат арылтып жетеді. Бірақ ененің бұл келуі өзімшіл келінге жақпайды. Оның мерекеге қатысқанын да қаламайды. Сол арада ол күйеуіне анасының кейпі жоғары санатты қонақтардың алдында ыңғайсыздық туындайтынын айтып, тойдан шеттетеді.
Кино небәрі 1 ай көлемінде түсірілген. Осыдан бұрын да «Жаңғырық» атты қысқа метраждыфильм түсіргн режиссердің бұл алағшқы туындысы емес. Айтп кетерлігі, киноға кәсібіи шеберлігі жетілген облыстық Ж.Шанин театры мен облыстық сатира және әзіл-ысқақ театрының актерлері таңдалған. Басты кейіпкерлердің бірі--пайдакүнем, өзімшілдігі басым, адамшылдықтан ада келін. Мұны әртіс Ақмарал Жақсыбайқызы шебер сомдады. Өмірде қарапайым, әрдайым үлкендерге ізеті басымдығын айтқан актер бл образды сомдау қиынға түскендігін жеткізді.
Ақмарал ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, әртіс:
– Бұл рөлдің менің жеке басыма ешқандай қатысы да, ұқсастығы да жоқ. Менің мінезім де ондай емес, әрдайым «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» деген қазақтың қанатты сөзін ұстанамын. Балажан, мейірімдімін, қарияларды көрсем сәлемдесіп, көмегімді аямаймын. Мен әртіс болғаннан кейін әрбір рөлді шебер сомдау міндетім деп білемін. Мұны орындау үшін тырысып бақтым. Бағасын көрермен қауым бере жатар. 
Қысқаметражды фильмнің тұщымды шығуында кішкентай бүлдіршін-әртістердің де еңбегі ерек. Ал фильмді түсіруге 1 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Еңбектің режиссері Серік Талас, мұндай қаржыға сапалы дүниені жасау екіталай екенін мойындады.
Серік ТАЛАС, «Өтелмес борыш» фильмінің режиссері:
– Түсірілім кезінде қиыншылықтар көп кездесті. Ең бірінші, қаржы жағынан қатты қиналдық. Енді, Құдай қаласа, жақсы кісілермен таныстым. Демеуші боламыз деп ниет білдіруде. Алда 1,5 сағаттық кино түсіруді жоспарлап отырмыз.
«Өтелмес борыш» фильміндегі оқиға, өмір шындығы мен әсер, кейіпкерлердің жүрегіндегі риясыз сезім залдағы көрерменді де бей-жай қалдырмады. Көпшілік көздеріне еріксіз жас алды. Өнерсүйер қауым мұндай әсерлі отандық киноны көрмегендеріне талай болғанын жасырмады. Жуырда «Өтелмес борыш» фильмі республикалық арналар мен кинотеатрларда көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста