Абай Бегей екінші рет үйленді ме?
"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" деп ән шырқап, той-томалақта жұртты жаппай билететін әнші Абай Бегейдің екінші рет отбасын құруы оның тыңдармандарын қатты алаңдататын секілді.
Өнер иесінің осыдан біраз уақыт бұрын әйелі дүние салған еді. Абай Бегей бүгінде 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әке.
Жақында әнші өзінің инстаграм парақшасына жас қызбен бірге түскен суретін жариялаған еді. Суретке пікір жазған оқырмандардың бірі Абай мырзаның отбасын құруына тілектестік білдіріп, балаларға ана керек екенін айтып жатса, енді бірі әйелі қайтыс болған ер адамдардың аз уақыттың ішінде басқа қызды жар ететініне наразылығын да білдірісіп жатты.
"Еркектің əдеті əйелінің қырқы өтпей жатып қыз іздейді Абайдың ешнарсесі кеткен жоқ, балаларына обал" деген сыңайлы пікір білдірген оқырмандар бар.
Алайда "тірі адам тіршілігін жасайды" деушілер Абай Бегейдің балаларына ана болатын адаммен бас қосуын тілейді.
"Абай мырза, ойлаған мақсатыңыз болса орындаңыз.Себебі қыз балаға ана керек. Сізге айта алмайтын, сəттер болады. Тек анаға ғана айтатын. Сол себептен үйленген дұрыс. Балалардың анасының аруағы сізге разы болады деп ойлаймын" деп жазды Меруерт атты оқырман.
"Алаш айнасы"