Абай Бегейдің желідегі жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Абай Бегейдің желідегі жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Абай Бегей Instagram парақшасында жазба жариялап, желідегілердің жүрегін елжіретті. Екінші рет шаңырақ көтеріп, ұлды болған әншінің марқұм әйеліне арнаған жазбасына көпшілік бей-жай қарай алмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Адам болған соң басымыздан әр түрлі жағдайлар өтері анық. Қайғы айтып келмейді екен. Пендеміз... Ертең не боларын білмейміз. Тағдырымызда қалай жазылды, сол болады екен ғой. Біраз есеңгіреп қалдық.
Өмір жалғасады, шүкірміз... Жалғыз менің басымда болып жатқан жағдай емес. Алла баршамызға сабырлық берсін.

Қарлығаштарымды қанаттыға қақтыртпай, тұмсықтыға шоқтыртпай жақсы тәрбие беріп, құтты орнына қондыру - менің адамдық парызым деп білемін. Алла балаларды ата - анасынан айырмасын", - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, оның балаларына дұрыс тәрбие беріп жүргенін жеткізді.

"Қамықпаңыз. Сіз керемет әкесіз", "Анасы бар кейбір балалардан артық қылып өсіріп жатырсың. Алланың жазғанына шара бар ма?", "Сендей әкеге мен өте ризамын. Жанатың да риза болып, бір аунап түскен шығар", "Осы балалардың қызығын көріңіз".

"Үлкен қызыңызбен әлі күнге татуласпағансыз ба?", "Үйленбесең, бұл қыздарға кім қарар еді? Еркектің әйелсіз күні күн емес. Үлкен қызыңыз келіп қарайды ма? Мойымаңыз", "Сіз барлығын дұрыс істедіңіз. Екі қызыңыз қайта кішкентайынан екінші әйеліңізге үйреніп кетеді".
"Маңдайға жазғаннан ешкім құтылмайды. Бақытты болыңыз", "Алла өзіңді қолдап жүрсін", "Бірінші әйелің көрмеген қызықты өзің көр", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің бірінші жұбайы Жанат осыдан біраз жыл бұрын көз жұмған болатын. Араға бірнеше жыл салып, әнші өткен жылы екінші рет шаңырақ көтерді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста