Абай мен Айниға арналды

Абай мен Айниға арналды

Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Душанбеде «Айни-Абай» деп аталатын әдеби-музыкалық кеш өтті.

Аталған мәдени-көпшілік шараны Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігі Татарстан мәдениет министрлігімен, ұлттық кітапханасымен, «Тәжікстан-Қазақстан» достық ұйымымен және «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығымен бірлесіп өткізді.

Тәжікстанның көрнекті өнер қайраткерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысқан әдеби кеште ұлтымыздың ұлы ақыны жайлы Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әбутәліп Ахметов кең көлемді баяндама жасады. Баяндамасында Абай Құнанбаев пен Садриддин Айнидің ортақ қырлары туралы айта келіп, дипломат олардың шығармашылығында халық тағдыры терең орын алғанын айрықша атап өтті.

Екі елдің әдебиет және аударма, театр және кино өнері салаларындағы тығыз байланыстары туралы Тәжікстанның халық жазушысы, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Саттор Турсун, Тәжікстан мемлекеттік өнер институтының ректоры, өнертану ғылымының докторы, профессор Аслиддин Низомов өздерінің сөйлеген сөздерінде кеңінен тоқталды.

Кеште Абай мен Айнидің әдеби және музыкалық шығармалары, тәжік пен қазақтың ұлттық билері мен ән-күйлері орындалды.


ӨмірДЕРЕК
Садриддин Саидмурадович Айни – (1878-1954 жж.) тәжік халқының талантты жазушысы, қоғам қайраткері, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері. Тәжік ғылым академиясының тұңғыш президенті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста