Абай оқулары өтті

Абай оқулары өтті

10 тамыз күні жылдағы дәс­түрінен жаңылмаған Абай оқу­лары он сегізінші рет шымыл­ды­ғын ашты. Абай мұрасына ден қойған жастар мен ақынға өлең­дерін арна­ған оқушылар­дың кеші Халықаралық «Абай» қоры,  Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағат және құжатта­ма басқар­масы және Жазушылар одағы­ның ұйымдастыруымен өтті. «Қазақта қара сөзге дес бер­ме­ген» ақын рухы мен ойлы жыр­ларын қастерлеген жұрт жаң­быр­дың жаууына қарамастан, кеш соңына дейін тараған жоқ.
Абай оқуларында еліміздің Н.Алпа­мысқызы, Д.Байтұрсынұлы, С.Қамшыгер, Р.Сейілхан, К.Құныпияұлы, С.Сейтіман,  А.Кәріпжанәулеті, Д.Құдайберген, Р.Дәбей сынды ақындары кеудесін жарып шыққан жыр маржанын төксе, Е.Рысқали, С.Нұр­ғазиндер Абай әндерін домбырамен шыр­қап, мектеп оқушылары ақын өлеңдерімен көрермен көңілін бір тебірентті. Кешке келген Абайдың ұрпағы – Касира Исраил­қызы Ақылбай немересі де ыстық лебізін білдірді.
Мамай АХЕТ, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқар­масының бастығы:
– Өзімізге сыртымыздан қарауды кешегі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы,  ХХ ға­сыр ба­сын­дағы Абай поэзиясы­нан алдық. Оның ал­дындағы қазақ фольк­лорын, сан ғасыр­лық әдебиетін жинақ­та­ған, қорытқан Абай шығар­машылығы бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Өзекті болатын себебі, түрлі ақпараттар тасқынында, түрлі тобырлық мәдениет  тұсында төл тамырымыздан ажырап қалмауды ұстап отыратын темір­қазық – Абай шығармашылығы. Сондықтан да бүгінгі Абай оқуларына еркін мик­рофон үлгісін ұсынып отырмыз.
Абай оқуларын әуелі «Абай» қоры өткізіп келсе, соңғы кезде бюджеттен ар­найы қаржы бөлініп, Алматы қалалық әкім­шілігі де атсалысып келеді. 18 жыл­дан бері өтіп келе жатқан шараның таптаурын өтуі қатысушы қауымды ғана емес, Жұмабек Ашуұлын да алаңдатып жүрген көрінеді. Қазақ атын әлемге паш еткен біртуар ұлдың құрметіне арналған кештің мазмұнын байыту үшін бірнеше кедергінің де кездескенін айтып қалды.
Жұмабек АШУҰЛЫ, Халықаралық «Абай» қорының бас директоры:
– Кеңес Одағы тұсында Лениннің туған күнін өткізетінбіз. Абайдың туған күні содан кем болмауы керек. Ең бол­мағанда, адам бір күн Абайды еске алып, Абайды оқып, ден қояр болса, өзін адамгершілікке тәрбие­лейтін еді. Соңғы уақытта Абайдың атына ғайбат айтушылар көбейді. Жамбылдағы теа­тр­­­дан Абай атын алып тастау, көшеге мазақ ескерткіш қою кімді мұқату? Қа­зақтың өзін-өзі мұқатуы! Әр ел өз идео­логиясын «Пушкин институты», «Гете институты» сынды орталықтары арқылы жүргізе­ді. 1995 жылдан бері Минис­трлер кеңесіне, Мәдениет министрлігіне де «Абай әлемі» мәдени-ағарту инсти­тутын ашу жөнінде ұсыныс жасап келе­мін. Арнайы тұжырымда­масын да жа­сап, өткіздік.  Сол жобаның ішінен жұ­лып алып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­ги­ка­лық университетінен – «Абай» зерт­теу орталығын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситет­інен «Абай» институтын ашты. Соны­мен біз не ұттық? Бәрі жүйелі түрде бір жерде жұмыс істейтін болса, ұтқан болар едік. Шетелдіктер Абайдың сөздеріне, па­йым­дауына таңғалады. Абай өзі «қа­зақ­тың жауы – қазақ» деп айтқандай, өз ішімізден Абай мұра­сының қадіріне жете алмай жүрміз.
Жылда 10 тамызда Абай оқулары  әй­теуір өтті деу үшін ғана емес, биік дәрежеде өтсе, сан ғасырға азық бол­ған Абай қазы­насынан тәрбие алуды ұрпақ ұлт ретіндегі парызы деп білер еді. Қазаққа өрелі өлең ғана қалдырмай, жаңаша үлгі­дегі ән-күй аманат еткен Абайдың музыка­лық мұра­сына да арнайы кеш ұйымдастыр­са, артық­тық етпес еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста