«Абай» спектаклін тамашалаған шаһар әкімі зиялы қауыммен жүздесті

«Абай» спектаклін тамашалаған шаһар әкімі зиялы қауыммен жүздесті

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында шаһарымыздың мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен  кездесті. Әуелі шаниндықтар сахналаған «Абай» спектаклін тамашалаған шаһар мэрі зиялы қауыммен жүздесіп, еркін сұхбат жүргізді.
Кез келген қоғамда көптеген дүниені сатып алуға болады. Алайда сатылмайтын бір құндылық бар. Ол—рухани әлем мен өнер саласы. Жуырда инвестициялық сапармен мәдениеті мен өнері дамыған Еуропа төріндегі Испанияның Барселона қаласында болдым. Қарт шаһар тұрғындарының өз құндылықтарына деген сүйіспеншілігі мен құрметі мені таң қалдырды. Біз Шымкент қаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еліміздегі Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қалаға айналдыру үшін тек ірі сәулет нысандарымен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Ол үшін өңір тұрғындарының мәдениет деңгейіне, өз шаһарын көздің қарашығындай қорғап, аялауға үйретуіміз қажет. 2200 жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолы бойындағы шаһардың шежіресін халыққа үгітей білуіміз қажет. Бұл тұрғыда сіздер мәдениет және өнер саласының қызметкерлерінің мойнына артылар жүк ауыр. Бұл мәселені сіздермен бірлесіп жеңеміз деген ойдамын, — деді қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер Сапар Өтемісов шаһар басшысына театрға қонақ болып жиі келіп тұруға шақырып, өз алғысын айтты. «Оңтүстік фильмнің» директоры Батырхан Дәуренбеков «Сақ»  киностудиясының дайын өнімі «Қазақ Елі» анимациялық фильмінің жарнамасын көрсетіп, ұлттық рухты көтеретін осындай фильмдердің Шымкент қаласында жасалғандығы өңіріміз үшін мақтаныш екендігін айта келе, миллионға жуық тұрғыны бар шаһарда «Балалар киностудиясы» ашылса деген ұсынысын айтты. Облыстық «Бейнелеу өнері» мұражайының директоры Айнабек Оспанов шаһар басшысына қаламыздағы білім ұяларын рухани әлемге жиі экскурсиялауға ықпал етуін сұрады. Бірқатар өнер майталмандары Шымкенттің өнер мен руханияттың орталығына айналып келе жатқандығын тілге тиек ете келе, қала көшелерінде театрлардың жаңа қойылымдарының жарнамалары аз екендігін, мүмкіндігінше өнер адамдарының еңбегін үнемі жалпыға жария етуін сұрады.
Ауызша, жазбаша берілген сұрақтарға тұшымды жауап беріп, сала басшыларына сол мезетте тапсырма берген қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жуық арада өзінің төрағалығымен мәдениет және өнер саласының кеңесін құратындығын, әр тоқсан сайын дөңгелек үстел басында жиналып, елдік мәселелерді кеңесетіндігін жеткізді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста