«Абайды» тоқтатып қойыпты...

«Абайды» тоқтатып қойыпты...

Редакциямызға Шығыс Қазақстан облысынан бір топ зиялы жолдаған хат келіп түсті. Хатта «Рахат» кондитерлік фабрикасының «Песни Абая» деп аталатын өніміне қатысты бірқатар келіспеушіліктер баяндалған. Абайдай ұлы тұлға бейнеленген тәтті тағам төңірегінде ел арасында бұрыннан да түрлі түсінбеушіліктер орын алып келген. Бір жағынан, атақты компания бұл өнімінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың есімі мен портретін пайдалану арқылы өз тауарының ішкі-сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие болуына мүмкіндіктер жасап отырса, екінші жағынан, осындай тұлғаларымыздың бейнесі белгілі бір сауда белгісі мен жекелеген тауарларда кеңінен насихатталуында тұрған әбес әрекет жоқ сияқты. Десек те, хакім Абайға келгенде мәселенің басқаша қырынан көтерілуіне бірнеше себептер түрткі болса керек. Енді ақын туған Шыңғыстау өңірінен келген хаттың өзіне зер салсақ.
«Рахат» АҚ шығаратын кәмпит өнімдерінің ішінде Абай, Пушкин секілді ұлы тұлғалардың портреттері бейнеленген қаптамалар бар екені белгілі. Бұл аталмыш кондитерлік фабриканың басты брендтерінің бірі екені даусыз. Кәмпит өнімінің атауы «Песни Абая». Осыған орай біз кәмпит қаптамасындағы сурет туралы толық мағлұмат жинауды жөн санадық. Қаптамадағы сурет – Абайдың портреті, яғни Абайдың өзі түскен екі суретінің бірі емес. Авторы – ұлты қазақ, Өзбекстанның белгілі монументалист-суретшісі, портретші Әбдімәлік Бұхарбаев. Жалпы, кәмпит қаптамаларына әлемге әйгілі тұлғалардың, әсіресе өнер майталмандарының портреттерін орналастыру бұрыннан бар. Мысалы, Германияда қаптамасында Моцарттың портреті бейнеленген кәмпит өнімдері шығатыны белгілі.
Батыс пен Азия халықтарының салт-дәстүрлерін, ұлттық менталитеттерін, танымдары мен колориттерін салыстыруға болмайды. Батыс үшін Моцарттың суреті кәмпит өнімдерінде бейнеленуі мақтаныш болса, қазақ үшін кәмпит өнімінде Абайдың суреті орналастырылғаны әбестік. Қазақ халқы ұлы адамдардың суреттерін тек қана төрге ілген. Бүкіл түркі халықтарына, бүкіл әлемге ортақ ұлы Абайдың портретін кәмпит қаптамасына орналастыру арқылы қазақ мәдениетіне үлес қосу, өкінішке орай, мүмкін емес. Оған қоса кәмпит өнімін пайдаланатын тұтынушылар көп жағдайда қаптамадағы суреттерге мән де бермейді. Абайдың суреті бейнеленген кәмпит қаптамалары қоқыста, аяқ астында тапталып жатады.
Біз «Рахат» АҚ-ның президенті А.В. Попелюшкоға осы мәселенің негізінде ШҚО зиялы қауымы атынан ресми хат жолдадық. Кондитерлердің тарапы біз күткендей болды. «Бізде бәрі заңды, ҚР Әділет министрлігінде тіркеулі, бәрі-бәрі заң жүзінде» дегендей жауап келді. Бәрі заңды екеніне күмәніміз де жоқ. Бірақ заңды екен деп Абайдың суретін қоқысқа тастай береміз бе?
Қалиева Н.Ә. Шығыс Қазақстан өнер мұражайының директоры;
Зайцев Н.А. ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай қорығының директоры;
Ақжігітова Х.М. А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхананың директоры;
Чукатаев Е.Қ. «ШҚО филармониясы» КМҚК директоры;
Нұрғазиева С.К. ШҚО өлкетану мұражайының директоры;
Қайырсынов Р.Қ. ШҚО Ж.Жабаев атындағы драма театрының директоры;
Азамат Тасқараұлы, Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;
Капсанова Г.К. Шығыс Қазақстан өнер мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі;
Мартынова Л.И. Ақын, «Звено Алтая» ақындар орталығының құрылтайшысы;
Қажықов Б.Қ. «Өрлеу» КМҚК бастығының орынбасары.
Осы мәселеге орай түсініктеме алу мақсатында біз Алматыда орналасқан «Рахат» АҚ-ның кеңсесіне хабар­лас­қа­ны­мызда, тұшымды жауап ала алмадық. Газетте көрініс тауып отыратын түрлі мате­риалдарға байланысты күнара министр­лермен, депутаттармен тікелей телефон арқылы еш кедергісіз хабарласып жүрген біздер «тәтті компанияның» басшыларымен сөйлесуге тіпті мүмкіндік таба алмадық. Әйтеуір әупірімдеп, компанияның қоғам­мен байланыс бөлімінен бір адаммен хабарласып, фабрика басшылығы жоға­рыда аталған хат иелеріне осыдан біраз бұрын өздерінің ресми жауап берген­діктерін растады. Газет оқырмандарына да хатта көтерілген «Песни Абая» кәмпиті қаптамасындағы Абай бейнесіне байла­ныс­ты қандай шара қолданып жатқан­дық­тарыңыздан хабардар етіңіздер деген өтінішімізге рахаттық мамандар «тек ресми сұраныс-хат жіберсеңіздер ғана ресми жауап бере аламыз» деп талап қойды. Күні бойы тосқан «тұшымды» жауабымыз келте­сінен бірақ қайырылып, тілдей қағаз­да орыс тілінде беріліпті:
«Сіздердің «Песни Абая» кәмпитіне қатысты сауалдарыңызға орай төмен­дегіні баяндаймыз: «Рахат» АҚ 2013 жылдың қаңтарынан бастап Абайдың портреті бейнеленген аталған конфет өнімін уақытша тоқтатты.
Маркетинг бойынша директор О.И Гордиенко. 15.03.2013»
Ел-жұрттың есінде болса, 2006 жылы Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы жарияланған болатын. Осы екі алыптың атымен кондитерлік өнім шығарып, сауда белгісін қалыптастыру екі елдің келісімі арқылы сол кезден жүзеге асқан. «Рахат» мамандарымен телефон арқылы тілдескенде, әңгіме арасынан аңғарғанымыз – аталған компания өздеріне келіп түскен барлық арыз-хаттар мен өтініштерді аяқсыз қалдырмайды-мыс. Абай кәмпитінің сыртқы қаптама дизайнын жетілдіру ойымызда бар дегендей болып еді. «Абайдың» уақытша тоқтап тұруы осымен байланысты болса игі...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста