Абайдың образын кім қалай ашты?

Абайдың образын кім қалай ашты?

«Абай арқылы өзімді таптым»

Болат Әбділманов, белгілі актер, Абай рөлін сомдаушы:
– «Абай» спектакліне келер болсақ, бұл Қазақстан емес, бүкіл КСРО-ға танымал болған режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтың Мұхтар Әуезов театрында қойған ең соңғы спектаклі. Өзінің 70 жылдығының қарсаңында «Қандай тілегіңіз бар?» деп сұрағанда, «арманым, әрі парызым – Әуезов театрында «Абай» спектаклін қою» депті. Сөйтіп, министрлік рұқсат бергеннен кейін 2001 жылы Әуезов театрына келіп, «Абай» спектаклін қойды. Ал Абай рөліне мені таңдап алды. Содан бұл спектакль менің өмірімдегі үлкен баспалдақ, үлкен белес болды. Мен Абай рөлі арқылы өзімді таптым, Абай рөлі арқылы халыққа танылдым десем, артық айтқандығым емес. Қарап тұрсам, өзім сомдаған рөлдердің ішінде Абай рөлі бір төбе болса, басқалары бір төбе екен.
- Абай рөлін аз сомдаған жоқсыз. Өзіңіз ұлы данамыздың образын толық аша алдым деп ойлайсыз ба?
– Мұхтар Әуезовтің «Абай деген – алып теңіз, мұхит қой. Абайды түсінген сайын, оның түбіндегі маржандарды алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деген сөзі бар. «Абай жолын» жазған ұлы Әуезовтің өзі осылай дегенде, менің Абайды ойнау арқылы образын толық аштым деу ағаттық болар. Дегенмен Абайды ойнаған сайын оның тарихына терең үңіліп, зерттеуге тырысам.
– Абайдың рөліне лайық болу үшін актер қандай қасиеттерге ие болу керек?
– Абайдың рөліне ие болу үшін керемет дарын, талант иесі болу аз. Абайды ойнау үшін біріншіден, кескін келбеті, түр сұлбасы ұқсау керек. Екіншіден, Абайдың Абай болып танылған кезі 50-60 жасы. Яғни актердің жас шамасы осыған сәйкес келу керек. Үшіншіден, Абайды ойнаған актердің өзі де поэзияны Абай секілді болмаса да, соған жетеқабыл түсіну керек. Егер актерде мұндай қасиеттер болмаса, Абайдың рөлін сомдамай-ақ қойсын. Былайша айтқанда, «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байламаған дұрыс».

«Абайдың образын ашу үшін бір ескерткіш жеткіліксіз»

Болат Досжанов, белгілі мүсінші, Астана қаласындағы Абай ескерткішінің авторы:
– Абайдың образын жан-жақты қарастыруға болады ғой. Бірақ қанша зерттесең де, Абайдың толық образын аша алмаспыз-ау. Ол өте көп зерттеулерді, көп жылдарды қажет етеді. Біз ұлы данамыздың мүсінін салу арқылы, бір ғана қасиетін аша алдық. Ал барлық қасиетін көрсету үшін, толық образын жасап шығару үшін, бір емес, бірнеше мүсін, бірнеше ескерткіш қажет болар еді.
– Қай ескерткішін қарасақ та, Абайдың қолына кітап ұстап тұрған бейнесін көретін едік. Бірақ сіз жасаған мүсіннен ұлы данамыздың қолынан кітап таба алмадық...
– Абай тек кітаппен шектелмеген ғой. Ол ұлы кемеңгер ойшыл болған. Біз Абайды тұлға ретінде көрсеткіміз келді. Сондықтан кітап секілді артық атрибуттардың қажеті жоқ деп шештік.

«Абайдың әнін қазіргі эстрадаға жақындату керек»

Берік Омаров, дәстүрлі әнші, Абай әндерін орындаушы:
– Негізі, Абайдың әндерін орындау өте қиын. Кез келген әнші тәуекелге бара бермейді. Мен өзім Абайдың барлық әндерін орындауға тырысып жүрмін. Тіпті өте аз айтылып жүрген әндерін де репертуарыма енгізгенмін. Дегенмен ұлы ойшылымыздың әндерін айту арқылы образын аша алдым ба? Ол жағын білмеймін. Бірақ барынша тыңдарманға жеткізуге тырысып жүрміз.
- Қазір жастардың дені байдың әндерінен гөрі шетелдің жынойнақ әндерін тыңдайтыны рас. Осы орайда ұлы данамыздың туындыларын халыққа қалай жеткізуге болады деп ойлайсыз?
– Оның бір жолы бар. Егер Абайдың әндерін қазіргі эстрадамен байланыстырып, заманауи талаптарға сай өңдейтін болсақ, онда жастар тыңдайтын еді. Дегенмен бұл тұрғыда да өте абай болған дұрыс. Сөздерін бұрмаламай, тыңдарманға өлеңнің мағынасын жоғалтпай жеткізген дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста