Абайтану апталығы өтуде

Абайтану апталығы өтуде

Семейде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориал­дық қорық-мұражайының ұйымдас­тыруымен «Абаймен – кемел білімге» атты білім апталығы өтіп жатыр.
Бұл әдеби-танымдық шараға  қаладағы мектеп ұстаздары мен оқушылары, мұражай қызметкерлері, белгілі жазушы, журналистер қатысуда. Абайтану апталығы 9 қыркүйекте қорытындыланып, үздік мұғалімдер мен алғыр оқушылар арнайы дипломдармен марапатталмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара алдағы уақытта да дәстүрлі жалғасын таппақ.


Ғалымның жаңа жинағы
Астанадағы «Фолиант» баспасынан техника ғылымының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Қылышбай Бисеновтің «Сындарлы кезең: сенім мен парыз» атты кітабы жарық көрді.
Жуырда ғана Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалған ғалымның бұл кітабында ойтүрткі мақалалар мен  түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, сондай-ақ Парламент Мәжілісінде депутат болып жүрген кезіндегі депутаттық  сауалдары  топтастырылған. Кітаптағы материалдарда автордың Қазақстанның сыртқы саясаттағы көзқарасы мен беделі, әлемдік қоғамдастықтағы мемлекетіміздің рөлі жан-жақты көрініс тапқан. Жаңа жинақ Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырылған.


Қаламгер көрмесі

Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер мұража­йын­да Қазақстанның халық жазушысы Диқан Әбілевтің өмірі мен шығарма­шылығына арналған көрме ашылды.
Көрмеге қаламгердің өзі көзі тірісінде тұтынған жеке заттары, кітаптары мен қолжазбалары, сирек фотосуреттер қойылған. Ұлы Отан соғысына қатыс­қан Диқан Әбілев (1907-2003)  Павлодар облы­сы­ның Баянауыл ауданындағы Мойылды­бұлақта туған. Қазақ әдебиеті мен журналистика­сына айтарлықтай үлес қосқан ақын кезінде Қазақ­стан Жазушылар одағын басқарған. Ол орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын қазақ тіліне аударған.


Телевизия ардагеріне құрмет
Астанада белгілі жазушы, публицист, тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалының 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ өркениеті және Сұлтан Оразалы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
 Мерейтойлық шараға белгілі ақын, жазушылар, Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты мен ЖОО ректорлары        мен профес­сор, ғалымдары  қатысты.  Халықа­ралық телевизия және радио академия­сының академигі Сұлтан Ора­залы – 300-ге жуық әдеби сценарийдің, 20 шақты деректi фильмнiң және 40 шақты ғылыми-зерттеу мақаланың авторы. Телевизия ардагері кезінде «Сұхбат», «Халық қазы­насы», «Шұғы­ла», «Қымызхана», «Кезде­су», «Ай­тыс» хабар­ларын алғаш ұйымдас­тырып, эфирге шы­ғар­ды.


Алматы қала күнін атап өтпек

Алматыда алдағы 18 қыркүйекте   қала күні аталып өтеді. Бұл жолғы мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып өткізілетін болады.
Қала күніндегі негізгі шаралардың бірі –  Apple Fest алмалар фестивалі «Астана» ала­ңында ұйымдастырылмақ. Мерекелік бағдар­ламалар бір күнмен ғана шектелмей, ай соңы­на дейін арнайы концерттер, фести­вальдар, көрмелер мен түрлі байқаулар өткі­зіл­мек. Бұл шараларға қазақстандық өнер жұл­дыздары­мен қатар, шетелден шақырылған танымал та­лант­тар да қатыспақ.


Айтыскердің ән жинағы
Алматыдағы «Ел» продюсерлік орталығы ел ішіндегі таланттарды қолдау ісін жалғастыруда. Жуырда осы орталықтың ұйытқы болуымен  батысқазақстандық белгілі әнші, айтыскер ақын Қатимолла Бердіғалиев­тің жеке ән дискілері жарық көрді.
Жаңа CD дискіде өнерпаздың орын­дауындағы 80-ге жуық ән топтастырылған. Бұл туындылардың жартысы домбыраның сүйемелдеуімен болса, қалғаны оркестр­мен бірге орындалған. Әнжинақтан әйгілі әншілер М.Мерәліұлы мен Ғ.Құрманға­лиевтің, сонымен қатар  С.Садықов, Е.Нұрым­бетов, С.Бисенғалиев сынды батыс­қа­зақстандық композиторлардың ән-термелерін тыңдауға болады. Ұлттық өнерге қызмет етіп жүрген орталық мұндай жобаларды әлі де жүзеге асыра бермек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста