Абыралы жұрты ақынын ардақтады

Абыралы жұрты ақынын ардақтады

Төлеужан Ысмайылов – ХХ ғасырдың 50-жылдары қазақ поэзиясына тың серпін, соны мазмұн әкелген талантты ақын, дарынды аудармашы. Ол тұла бойындағы талант қуатын толық жұмсай алмай, жыр өлкесіне бар болғаны 10-ақ жылын арнады.
Биыл – Төлеужан Ысмайыловтың дү­ние­ге келгеніне 80 жыл. Аталған мерейтой 2-3 қазан күндері Семей қаласы мен ақын­ның туған топырағында жоғары дең­гейде атап өтілді. Ең әуелі Шәкерім атын­дағы Семей мемлекеттік университе­тінде Қа­зақ­стан Жазушылар одағының, «Абы­ра­лы-Дегелең» қоғамдық қоры мен атал­ған оқу орнының ұйытқы болуымен «Ақын Төлеужан Ысмайыловтың шығармашы­лығы және қазіргі қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конферен­цияға Қазақстан Жазушылар одағы бас­қарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, «Қазақ энциклопедия­сы­ның» бас редакторы, ақын Бауыржан Жақып, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас ре­дак­торы Жұмабай Шаштайұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Мамадияр Жақып секілді ақын-жазушылар қатысып, Төлеужан ақынның шығармашылығы һәм өмірі жөнінде кеңінен сөз етті.
«Ақын Төлеужан Ысмайыловтың өмірі мен шығармашылығы» атты баяндама­сында Бауыржан Жақып Төлеужан ақын­ның шығармашылығы мен талайлы тағ­ды­рына жан-жақты тоқталып, қалам иесі­нің туындылары әлі де терең зерттеп-зер­делеуді қажет ететінін атап өтті. Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университе­тінің гуманитарлық-заң факультетінің деканы Арап Еспенбетов өз баяндама­сында ақын есімі бұған дейін елеусіз бо­лып келгенін, төлеужантануға бетбұрыс­тың енді жасала бастағанын тілге тиек етті. «Төлеужан Ысмайыловтың еңбегі қа­зақ әдебиетінің тарихында, оның өзі көзі тірісінде мүше бола алмай кеткен Қазақ­стан Жазушылар одағының тарихында бе­кем орын алып, ардақталуы керек. Тө­леу­жан мұрасы өзінің зерттеушісін күтуде» деген ғалым Төлеужан ақынның әдеби мұрасын жинақтап, қызмет еткен жылда­рын, сол кезде жазылған шығармаларды нақтылап, жүйелейтін кездің жеткенін, сонымен қатар жоғары оқу орындарында қаламгер шығармашылығы жөнінде дип­ломдық және магистрлік жұмыстардың жа­зы­лып, қорғалуы керектігін тілге тиек етті. Конференция барысында Мамадияр Жа­қып, Медеу Сәрсеке, Төкен Ибрагимов, Бал­табек Ерсәлімов сынды ақынның көзін көрген замандастары естелік айтып, сыр шертті.
Конференция соңында Төлеужан ақын­ның 80 жылдығына орай «Бірлестік» ұйымының төрағасы Өміржан Жақыпов­тың құрастыруымен жарық көрген «Төлеу­жан Ысмайылов» атты жинақтың тұсауы кесілді.
Сонымен қатар «Мәңгілік жас рухым – өлеңдерім» атты республикалық ақын­дар мүшәйрасы өткізілді.
Ақын мерейтойы туған топырағында да ерекше атап өтілді. 3 қазан күні Төлеу­жан ақын білім алған Қайнар ауылындағы Мәдениет үйі жанындағы мәдени-саябақ­та ақынның кеуде мүсіні салтанатты түрде ашылды. Дәл сол күні ақынның туған жері Таңат ауылында осы ауылдың іргетасын қалап, шағын елді мекеннің өсіп-өркенде­уі­не үлес қосқан азаматтарға арналған ал­лея ашылып, ақын аруағына бағышталып ас берілді.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
– Төлеужан Ысмайылов – тағдыр­лы, талайлы тұлға. Ол кісінің ерекшелігі – ғажап білімдар адам болған. Жасы­ра­тыны жоқ, Төлеужан ақын шығарма­шы­лығы мен өмірі жөнінде жұрттың көбірек біле бермейтіні рас. Биыл, міне, ақынның 80 жылдық мерей­тойы жоғары деңгейде атап өтілді деуге болады. Республикалық ғылыми-тәжі­ри­белік конференция, жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Төлеужан ақынның шын насихаты енді басталды деп айту­ға болады. Төлеужантанудың алғы­шарт­тары осылай жасалатын шығар деп ойлаймын.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:
– Қазақ поэзиясына Қасым Аман­жо­лов­тан кейін Сағи Жиенбаев, Жұме­кен Нәжімеденов, Мұқағали Мақа­та­ев­тар келді деп айтып жатамыз. Ма­ған осы ақын­дардың арасында 50-жыл­дардың басында поэзия әле­міне келген Төлеужан Ысмайылов руха­ни көпір секілді көрінеді.

Арап ЕСПЕНБЕТОВ, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық-заң факультетінің деканы:
– Төлеужан небәрі 14 жасында мектеп бітірді. 19 жасында еліміздегі ірі қара шаңырақ – Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. Универси­тетті бітірмей жатып қазақтың мемле­кет­тік көркем әдебиет баспасына қыз­метке шақырылды. Баспадан кейін Қазақстан Жазушылар одағында әде­би кеңесші, тағы басқа да қызметтер атқарды. Қазір Гиннесстің рекордтар кіта­бына не болса соны кіргізіп жатыр­мыз ғой. Біле-білсек, Төлеужан нағыз вундеркиндтің өзі болған...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста