"Адам танымай кетті ғой..." Ернар Айдарға алғашқы ұстазы ренішін айтты
Кезінде Ернар Айдардың әндерін өңдеп, талай хитін жазған сазгер Қуаныш Құрманбаев әншіден көңілі қалғанын ашық айтқан. Бастапқыда халыққа танылып, кейін хабарсыз кеткен Ернардың әрекетіне қатты ашуланған ол шәкірті туралы барлық шындықты жайып салды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ернардың ұстазына жақпайтын тағы бір қылығы бар. Ол жүрген жерінде өзін халыққа танытқан сазгердің атын атамайды екен.
"Шындығын айтқан кезде, Ернар Айдардың ауызында жүрген екі ұстазы бар. Олар — Бауыржан Есебаев пен Қуаныш Құрманбаев. Бірақ көп ортада Бауыржан Есебаевтың аты аталады. Шын мәнінде оған үйретіп, қара терін төгіп жүрген мен шетте қалып кетіп жатамын. Менің атым шыға қойсын деп таласып жүрген мен жоқ. Бірақ біздің осындай еңбегімізді айта жүруіміз керек. Жасыратын болсақ ешкім білмейді ғой", — дейді сазгер "Менің өмірім" бағдарламасында.
Айта кетейік, Қуаныш Құрманбаев Ернардың репетуарындағы әндердің басым бөлігін өңдеген сазгер. Сондай-ақ, әнші жігіт орындаған талай хиттің авторы.