Адамдар ақырзаманды айқайлап шақырып жүр немесе ақырзаман қашан болады?

Адамдар ақырзаманды айқайлап шақырып жүр немесе ақырзаман қашан болады?

Адамдардың араласуы мұң екен,
Жер шары тез қартая бастады.

                                                                                                                   К.Э. Циолковский

Ақырзаман туралы ой адамзат пайда болғалы бері өзімен қатар жасасып келе жатқан «ең ежелгі досы» болса керек. Оның қашан және қандай сипатта болатынын ешкім анық білмейді. Бірақ саналы ғұмырында адамдар осы сұраққа жауап іздеуден танған емес. Осыны тиімді пайдалана білген әлемдік киноиндустрия «қасқырлары» бүгінде армагеддон тақырыбындағы киноны жарыса түсіріп, тәп-тәуір касса жинап алып та жатыр. Әсіресе, «2012» фильмінен кейін әлем жұртшылығын кәдімгідей үрей билегендей. Онымен қоса, Жапониядағы әйгілі цунами мен алапат жер сілкінісінен соң, Жер шары тұрғындары тәспісін қағып, тілдерін кәлимаға келтіруге кіріскендей.
Таяуда Йерусалим оқымыстылары клас­сикалық физиканың атасы саналатын Ньютонның 4,5 мың беттен тұратын қол­жазбасының құпиясын ашыпты. Онда физик Інжілге сүйене отырып, болашаққа болжау жасайды. Ғалым есептей келе, ақыр­заманның дәл уақытын белгілепті, бірақ біз адамның айтқаны емес, Алланың жазғаны болатынына сенгендіктен, ғалым белгілеген уақытты айтуды артық санадық. Алайда бүгінгі жағдайды бажайлап, ғаламшардың экологиялық жағдайына талдау жасау ар­тықтық етпес.
Тіршіліктің басқа түйткілдерін айт­паған­да, су, ауа, топырақ және от деп аталатын негізгі төрт элементтен тұратынын төрт жасар бала да біледі. Сондықтан қандай қа­терді болсын, біз осылардан күтеміз.
Топан су басу қаупі зор
Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Ға­бит Мүсіреповтің күнделіктерінде мынадай жолдар бар екен:
– Ақырзаман бола ма?
– Болады. Бір кезде ауа атмосфера де­генді көмір қышқыл газы – CO2 қазіргі нормадан анағұрлым асып, мұз теңіздерін ерітіп жіберсе, адам баласына, жалпы жан-жануар, өсімдіктерге екі түрлі қасіретті күн туады:
1. Жер бетін топан су басады;
2. Оттегі ауадағы өз нормасынан орасан кеміп кеткен соң, жан-жануарлар уланады. Сол кезде Нұқтың кемесінің де пайдасы болмай қалады. Мұхит суларының өз CO2 газына лық толы болмақ.
Ал атақты болжағыш Нострадамус бол­са, ХХІ ғасырда адам баласы дамудың бұ­рынғы түрлерін жолда қалдыратындай жаңа сатыларға көтерілгенімен, ғасыр та­бал­дырығын аттағаннан-ақ жер сілкінісі, топан су басу, жанартау атқылаулары секілді ғаламдық апаттармен бетпе-бет келетінін ескерткен екен.
Енді Ғабеңнің күнделі­гін­де жазылған ой мен әйгілі болжағыш Нострадамус толғамын сарапқа салар болсақ, айтылғандардың біршамасына қазірдің өзінде куә болып отырғанымызды ешкім жоққа шығара қоймас. Ғалымдар бүгінде ауаның түрлі улы заттармен ласта­нуынан пайда болған парниктік эффектінің салдарынан жылдық орташа температура ғасыр сайын үш градусқа жылып отырға­нын, соның салдарынан Солтүстік Мұзды мұхиттың ери бастағанын анықтаған екен. «Көлемі жағынан Антарктидадан кейінгі «Жасыл жер» Гренландия мұздықтарының да еріп, теңіздер деңгейінің көтерілуіне әкеп соғып жатқанын табиғаттың кейінгі жылдардағы тосын мінезінен аңғару қиын емес», – дейді олар. Алайда мұндай мәліметтер қарапайым халықтан қашан да құпия сақталады.
Расында, осы уақытқа дейін Германияда, Қытайда, Үндістан, Непал, Бутан, Бангкок, Бангладеш т.б. әлемнің әр нүктелерінде кенеттен орын алған су тасқыны, алапат дауылдардан қаншама адамдар қаза тауып, орны толмас өкініштерге ұрындырғанын білеміз. Соның бәрі – Солтүстік Мұзды мұхи­тының еруінен. Англиядағы Рейдинг зерттеу тобының жетекшісі Джонатан Грессори: «Бүкіл әлем үшін қорқынышты құбылыс – теңіз деңгейінің 7 метрге дейін көтерілу мүмкіндігі. Оның алдын алу үшін атмосфераны көмір қышқыл газымен улау­ды тоқтату керек, – дейді. Ал ауа неден ластануда? Бір мезгілде әлемнің түкпір-түк­пірімен байланыстыратын әрі теледи­дар, музыкалық орталықтың, әрі жұмыс құралының рөлін қатар атқаратын компью­тер­ді ойлап таптық. Ал оның қандай жол­мен жасалып жатқанын білсеңіз. 24 кг бір компьютерді жасауға 240 тонна химия­лық заттар мен 1,5 тонна су жұмсалады екен. Ол біріншіден, фабрикада жұмыс жасайтын адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Екіншіден, ауызсуды ластайды. Сонан соң дайын болған компьютердің өзі ауаны авто­көліктерден гөрі көбірек ластай­ды екен. Бұл – ауаның ластануына келтіріл­ген бір ғана мысал. Бұған қаншама автокө­лік­терді, зауыт, фабрикаларды қосыңыз. Солтүстік Мұзды мұхиты мен Гренландия мұз­­­дарының еруі осы жылдамдықпен жал­ғаса берер болса, онда 2050 жылға дейін 20 пайызға кеміп, нәтижесінде, Тұман­ды Альбион елінде ауа райы күрт төмендемек. Оның салдары Жер шарына оттегі өндіретін тропикалық ормандардың жойылуына апарып соғады. Мұздықтардың еруі бір жерлерге су тасқыны қаупін төн­дір­се, кей­бір жерлерді ауызсу тапшы­лығына ұрын­дырмақ. Өткен жылдардағы орыс орман­дарының өртенуінің өзі біраз жайды аңғар­т­қандай. Бұл – климаттық ауытқу сал­дарынан Африканың салқындай бастап, Сібірдің сарышұнақ аязының жұм­саруының басы ғана...
Қара алтынға құнығудың соңы жақсылыққа апармайды
Бүгінде дүниежүзінде мұнайға деген қажеттілік жылына 70-80 млн баррельді құрайды екен. Ал Әлемдік энергетикалық Консейттің есебінше, 2040-2060 жылдары жер астындағы мұнай қоры түгелімен таусылады екен. Бұл да – бір апат. Себебі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда мұнайсыз күн көру мүмкін еместей. Нендей өндіріс орны болмасын, нендей көлік болмасын, барлығына мұнайдан алынатын өнімдер аса қажет. Миланда өткен БҰҰ Конферен­циясында АҚШ неліктен Киото келісіміне қол қоймады? Мұның түпкілікті түсіндірмесі мұнаймен тікелей байланысты. Жыл сайын өндірілетін әлемдік мұнайдың көбін тұты­натын осы ел, алайда олар өз еліндегі мұ­най кеніштерін ең соңғы сәтке сақтап, Ирак, Ауғанстан секілді мұнайға бай елдер­дің қорына қолын салуда. Ғаламдық апаттың алдын алу үшін түзілген Киото келісіміне парниктік эффектінің 55 пайы­зын туғызып отырған 55 ел қол қоюы керек болса, АҚШ пен Ресей олай етуден бас тартуда. Себебі Киото келісіміне қол қойған елдер 2012 жылы ауаны ластайтын көмір­қышқыл га­зын 92 пайызға қысқартуға мәж­бүр болады екен.
«Болашақта қара алтын үшін болар соғыс Орталық Азия елдері мен Кавказда жалғасын табуы мүмкін», – дейді сарап­шылар. Себебі мұнай өндіруді шектейтіндей жағдайда, оның әлемдік экономикадағы құны шарықтап өсетіні сөзсіз. Сондықтан ғалымдар ендігі жерде ауаның ластануын азайту мақсатында мұнайды алмастыратын жаңа нәрсе ойлап табуға кірісіп кетті. Ол жүзеге асар болса, ғаламшарымызды құт­қаруға 70 пайыздық мүмкіндік туатын көрі­неді. Әрине, бұл жерде шешім шығару үшін саяси еріктілік пен әлеуметтік экноми­калық қайта құрулар қажет.
Токионың жер астына жұтылуына көп қалған жоқ
Дүниежүзіндегі дамыған елдердің ең біріншісі саналатын Жапонияның аста­насы Токио көп ұзамай жер бетінен жойы­ла­ды дегенге сенгің келмейтіндей. Бірақ оны біз ойдан шығарған жоқпыз. Сол елдің сейсмологиялық жағдайын зерттеп жүрген ғалымдар жер сілкінісі салдарынан алдағы 50 жыл ішінде Күн Шығыс елінің бас қала­сының жермен-жексен болу қаупі барын осыдан бірнеше жылдар бұрын болжаған екен. Мұндай қасіретті Токио 1923 жылдың 1 қыркүйегінде бастан кешкен, онда қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 130 мың болса, 570 мың отбасы бас­па­насыз босып қалған. Сол оқиғадан кейін жапондар өз үйлерін супер үлгіде 6 балл­дық жер сілкінісіне шыдайтындай етіп сал­ған екен. Алайда биылғы жылы наурыздың 11-і күні жапон жұрты магнитудасы 8,9 балды құрайтын жер сілкінісін бастан ке­шір­ді. Аралдарды атамекен еткен халықтың қасіретіне теңіз де тажал боп төніп, биіктігі 10 метрді құрайтын таудай толқындар көл болған көз жасы мен көбіршік қанды ша­йып кеткенін көзіміз көрді. Соған да қара­мастан, самурай рухты халық Отанда­рын тастап кеткен жоқ. Осы жағынан келгенде, олар да қазекеме ұқсайды екен, яғни  «қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді» деген қағиданы ту еткендей.
Жер-жаһанға нұрын төккен Күн де сөнеді деседі
Ғалымдардың көбі дерлік Жерге төнер қауіптің зорын аспан денелерінен күтеді. Неміс және британ зерттеушілері осыдан 200 жыл бұрын Жерге алып метеориттің құлағанын айтады. Сол сәтте-ақ теңіздерден Цунами көтеріліп, биіктігі бір метрге жеткен толқынның қаншама тіршілікті жойғанын өзіңіз бағамдай беріңіз. Содан бергі кезең­дерде аспан денелері біздің ғаламшары­мызға қанша мәрте қауіп төндірген. Бүгінде сондай астеройдтардың саны 900-ге жуық көрінеді. Ол 900-дің біреуі ғана абайсызда жерге соқтығысып құлар болса... ойлаудың өзі қорқынышты! Кәдімгі өзіміз әр түні көзбен көретін жұлдыз­дардың ағуы жиілеп кетсе де қорқу керек екен. Себебі олардың арасында ұсақ кометалар болады. Олар ауаның озон қабатын тесіп, мұздықтардың еруіне әсер етеді. Мұхиттарда тіршілік ететін майда денелер қырылса, онымен қатысты балықтар, одан құстар да зиян шегеді. Ең қызығы, әрі қорқыныштысы – Күнге қатыс­ты айтылған болжамдар. Голланд астро­физигі доктор Пирс Ван дер Меер «Күн жарылғалы тұр» деген тосын жайды айту­да. Күн ядросында қалыпты жағдайда темпе­ратура 27 млн градус болса, соңғы жылдары ол 49 миллионға көтеріліпті. Біз бүгінде Солтүстік Мұзды мұхитының еруін ауаның ластануынан көреміз. Ал бұл ғалым ол проб­леманы осы Күн қызуының көтері­ліп кетуінен көреді. Егер осы қарқынмен қыза берсе, Күн көп ұзамай жарылатын көрі­неді.
Бұған қарама-қайшы пікір айтатын ғалымдар да бар. «Жер беті мәңгілік қараң­ғы қапаста қалмақ» деген олардың пікіріне құлақ түрсек, соңғы онжылдықта Жерге түсер Күн сәулесі 10 пайызға кеміп кетіпті. Мұны ғалымдар 90-жылдары байқағанмен, құлақ асар жан таппаған. Тек 2001 жылы Израильдегі вулконология орталығының мамандары 1958-1992 жыл­­дар арасында­ғы ғаламшарға түсер Күн сәулесінің жыл­дан-жылға 0, 23 пайыздан 0, 32 пайыз ара­лы­ғында кеміп отырғанын айтқанда барып, бұл мәселеге мән беріле бастаған.

P.S.
Тізе берсек, мүндай апатқа апарар жайттар көп. Біз бұл жерде таза ғылыми дәйектер мен мамандар болжамына сүйендік. Исі мұсылман қашан да иманына берік, оның құлақ асатыны – тек Құран. Ол жерде ақырзаманның алдындағы үлкен және кіші белгілері анық жазылған. Соны оқыған адам ешбір алыпқашпа әңгімеге құлақ аспасы анық. Алайда Жер ғаламша­рының тұрғындарына етек-жеңді жиятын кез жеткендей. Сөз соңына «Құз басындағы аңшының зары» кітабындағы мынадай жолдар сұранып тұрғандай:
... Жер-жаһанға нұрын төккен Күн де сөнеді деседі. Қартайғаны шығар. Бауырындағы жан-жа­нуар­лары тұрмақ, Жердің де өз жасы, ғұмыры бар. Ол шау тарт­па­ғанымен, алуан түрлі дертке шалдықты. Құтқарар дәру – тек адамдардың мейірімі. Сол ғана болашақ апаттан арашалап қалмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста